1.СҰРАҚ: Камералдық бақылау қандай деректерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады?
ЖАУАП: Камералдық бақылау:
1) салық органдарында, оның ішінде салықтық нысандарда бар мәліметтерде;
2) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерінде;
3) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы мәліметтерде қамтылатын деректерді салыстыру арқылы жүргізіледі.
2.СҰРАҚ: . КБ барлық хабарламалары бойынша түсініктеме беруге бола ма?
ЖАУАП: Корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және мыналар:
1) жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;
2) заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша;
3) заңды күшіне енген сот актісінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша;
4) заңды күшіне енген сот актісі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезінде хабарламаға түсінік беруге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші салық төлеушінің (салық агентінің) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде сатып алуын (алуын) сот белгілеген мәмілелерге (операцияларға) қолданылмайды.
3.СҰРАҚ: Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қалай жаңартылады?
ЖАУАП: Мемлекеттік кірістер органдарының деректері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде бір рет, деректер қолданылатын жылдан бұрынғы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жаңартылады.
Сонымен қатар, әлеуетті жеткізушінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының деректері веб-порталда үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін қалыптастырылады.
Осыған қоса, салықтардың төленген күніне сәйкес төленген салықтар бойынша күнтізбелік жыл салық төленген жыл болып есептеледі.
4.СҰРАҚ: Мемлекеттік сатып алулар порталында қаржылық тұрақтылықты есептеу кезінде қандай көрсеткіштер ескеріледі?
ЖАУАП: Әлеуетті жеткізушінің қаржылық тұрақтылығы мемлекеттік кірістер органдарының келесі деректері негізінде веб-портал арқылы автоматты түрде айқындалады:
1) кірістер (айналым қаражаты);
2) төленген салықтар;
3) негізгі құралдар;
4) еңбекақы қоры.
5.СҰРАҚ: Камералдық бақылау шеңберінде банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қашан және қандай жағдайларда жойылады
ЖАУАП: Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді шығарған салық органы шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оның күшін жояды.