Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алатын және жұмсайтын тұлғаға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне байланысты кейбір мәселелер, сондай-ақ осындай тұлғалардың деректер базасын қалыптастыру қағидаларын белгілеу туралы

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алатын және жұмсайтын тұлғаға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне байланысты кейбір мәселелер, сондай-ақ осындай тұлғалардың деректер базасын қалыптастыру қағидаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 қарашада № 37375 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

       Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы хабарлама нысаны;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтер нысаны;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы хабарламаны және алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары мен мерзімдері;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері туралы деректер базасын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

  1. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

бұйрық
Дата публикации
25 июня 2026