2025 жылға қарай мемлекеттік қызмет көрсету сапасы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген 42 мемлекеттік қызметті көрсетеді, оның ішінде 25-і салықтық және 17-і кедендік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.
Оның 92 пайызы (39 қызмет) электронды форматқа көшірілді.
Автоматтандырудағы маңызды жетістік электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін 99%-ға дейін арттыру болды.
2025 жылы 17,3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 17,2 миллионы (99,6 пайызы) электронды түрде, 0,1 миллионы (0,1 пайызы) қағаз жүзінде көрсетілген.
Сонымен қатар, салық есептерінің 99,8%-ы электронды түрде (11,5 млн. нысан) ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы
Дата публикации
29 мая 2026