
Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау бойынша заңнаманы сақтауға қатысты
Қазақстан Республикасында өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылауы «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар (Заңның 1-бабының 1-тармағының 14) тармақшасы).
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тізімі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен (бұдан әрі – Бақылау тізім) бекітілген.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импорты Заңның
11 және 12-бабтарына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзиті Заңның
13-бабына сәйкес транзитке рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиар органы Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – Өнеркәсіп министрлігі) болып табылады.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) арқылы, оның ішінде Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) мүше мемлекеттермен өткізілуіне бақылауы мемлекеттік кірістер органдарына жұктелген (Заңның 9-бабының
2-тармағы).
Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың заңсыз өткізілуінің алдын алу және жолын кесу мақсатында:
– ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
– арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тартады;
– ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтатады, оларды қарап-тексеруді, жете тексеруді жүргізеді;
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін, деректерді беру жүйелерін, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді, жасайды, сатып алады және пайдаланады;
– өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын сатып алады, пайдаланады;
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазба жасауды, киноға және фотоға түсіруді жүргізеді;
– Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бұдан басқа Заңның 29-бабының 2-тармағында өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын, транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар уәкілетті органның, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша көрсетілген мемлекеттік органдардың осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларын орындауы үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге міндетті екендігі анықталады.
Бақылау тізіміндегі тауарлар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шараларының сақталуын растайтын құжат ретінде Бақылау тізіміне сәйкес сәйкестендіру нәтижелері не өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды ұсынылады.
Бұл ретте, өзіндік ерекшелігі бар тауарларға жататын жағдайларда лицензияны (транзитке рұқсат) ресімдеу талап етіледі, ал өзіндік ерекшелігі бар тауарларға жатқызылмаған жағдайда лицензияны (транзитке рұқсат) ресімдеу талап етілмейді.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілікке қатысты
Мемлекеттік шекара арқылы, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекара арқылы лицензиясыз (транзитке рұқсатсыз) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өткізгені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 275, 286-баптары, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 463, 545-баптары бойынша жауапкершілік көзделген.
Бақылау тізіміне сәйкес тауарларды сәйкестендіруге қатысты және осындай сәйкестендіру нәтижелерін ұсыну
Тауарларды сәйкестендіру (яғни, өзіндік ерекшелігі бар тауарларға жатқызу не жатқызу туралы ұйғарым) бақылау тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.
Сондай-ақ, Заңның 10-бабының 1-тармағының екінді абзацқа сәйкес тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты транзитті жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдік тұлғалар Бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдік тұлғалар Бақылау тізіміне сәйкес бір мағыналы сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды (Қорытынды) алу үшін Өнеркәсіп министрлігіне жүгіне алады.
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары және оған құжаттардың тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 394 бұйрығымен бекітілген.
Бақылау тізімнің 4-тармағымен қандай да бір өнімді қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу жөніндегі түбегейлі шешім аталған тізімнің бақылауға алынған өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалатыны анықталады.
Бақылау тізіміне сәйкес тауарларды сәйкестендіру тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыруға ниет білдірген жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ тауарлардың транзитін жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдік тұлғалардың міндеті болып табылады.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың лицензиясын (транзитке рұқсатын) немесе Қорытындыны алу қажет болған жағдайда электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Өнеркәсіп министрлігіне жүгіну қажет екенін қосымша хабарлаймыз.