Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым салынған немесе шектелген тауарлар
Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде мынадай тауарларды жіберуге жол берілмейді:
1)Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес жіберуге тыйым салынған тауарлар (Дүниежүзілік пошта Конвенциясының 19-бабы);
2) тізбесін Комиссия айқындайтын халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге жатпайтын тауарлар ("тарифтік емес реттеу шаралары туралы"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1-қосымша).