
Әнуар Айдарұлы Сүлейменов 1985 жылы Талдықорған қаласында, Талдықорған облысында дүниеге келген.
Жоғары білімі. 2008 жылы Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірді, 2017 жылы Тұран университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың шілдесіне дейін Алматы облысы бойынша Салық комитетінің маманы, жетекші маманы – жетекші салық инспекторы, бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.
2010 жылғы шілдеден 2019 жыл аралығында Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде/Мемлекеттік кірістер департаментінде және оның аудандық құрылымдарында жетекші маман-жетекші салық инспекторы, бас маман-бас салық инспекторы, бөлім мен басқарма басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2019 жылғы маусымнан 2021 жылғы қаңтарға дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың тамызына дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Әкімшілік департаментінің директоры қызметін атқарды.
2023 жылғы шілдесінен 2026 жылдың маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға орынбасары лауазымын атқарған.
2026 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендіру департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.