GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кедендік әкімшілендіру
11 сентября 2026
О вступлении в силу изменений в Решение Коллегии ЕЭК № 289 (ЕТН ВЭД ЕАЭС)

Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 55 Шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 Шешіміне өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды («Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі туралы»).

Жоғарыда аталған Шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

СЭҚ қатысушылары мен кедендік бақылау бөлімшелеріне тауарларды кедендік декларациялау және бақылау кезінде осы өзгерістерді ескеру қажет.

Департамент государственных доходов информирует участников внешнеэкономической деятельности о том, что Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 мая 2026 года № 55 внесены изменения в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 10 декабря 2013 года № 289 «О Единой Товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза и Едином таможенном тарифе Евразийского экономического союза».

Вышеуказанное Решение вступает в силу с 1 января 2027 года.

Участникам ВЭД и подразделениям таможенного контроля необходимо учитывать данные изменения при осуществлении таможенного декларирования и контроля товаров.

31 августа 2026
Шыны ыдыстағы сыраға цифрлық таңбалау 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап міндетті

Шыны ыдыстағы сыраға цифрлық таңбалау 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап міндетті

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Осы күннен кейін өндірілген немесе әкелінген өнімде Data Matrix таңбалау коды болуы тиіс.

Сыраны таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі:
— 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтердегі өнімдер үшін;
— 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – шыны бөтелкелердегі өнімдер үшін;
— 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – темір банкілердегі өнімдер үшін.

Бұдан әрі өнімнің толық қадағалануы қамтамасыз етіледі. Бұл өнімді айналымға қатысушылар арасында беру кезінде құжаттарды электрондық түрде ресімдеу және растауды көздейді.

Айналымға қатысушылар Цифрлық сәйкестендіру құралдарын (ЦС МПТ) басқару жүйесінде tanba.markirovka.kz порталында тіркеліп, тауар карточкаларын тіркеуді бастауы қажет.

Таңбалау кодтарын уақтылы алу үшін тіркеуді алдын ала аяқтау ұсынылады.

Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген таңбаланбаған сыра және сыра сусындарының қалдықтары белгіленген тізбеге сәйкес бір күнтізбелік жыл ішінде өткізіледі.

 

Ақпараттық хабарландырулар
31 августа 2026
Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс

🏡 Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс жылжымайтын мүлік меншік құқығында екі жылдан аз уақыт болған жағдайда оны сату немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде туындайды.

🌎 Өтеусіз алынған және Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс оны сату немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде, оның меншік құқығында болған мерзіміне қарамастан, туындайды.

💹 Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс:

🧾 сату кезінде – сату бағасы мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма;

🏢 мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген құн мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүліктің құны, бірақ осындай мүлікпен төленген сомадан аспайтын мөлшерде, мүлікті қабылдау-беруді растайтын құжат негізінде айқындалады.

📜 Жылжымайтын мүлік объектісінің бастапқы құны құжатпен расталған:

🏷 осы объектіні сатып алу бағасы;

✏ сатып алған күннен бастап оны сату (беру) күніне дейінгі кезеңде функционалдық және (немесе) нысаналы мақсаты өзгертілгеннен кейін сатылатын (берілетін) жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу бағасы.

🎁 Өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құны:

📝 бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі табысқа енгізілген құн – өтеусіз алынған мүліктің құны жеке кәсіпкердің салық салынатын табысына немесе жеке тұлғаның салық салынатын табысына енгізілген жағдайда;

🪙 нарықтық құн;

🔍 бағалау құны;

🗺 жер учаскесін сату (беру) жағдайында – кадастрлық (бағалау) құны;

0️⃣ қалған жағдайлардың барлығында – нөлдік құн.

🌍 Салық салу жеңілдігі бар мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүліктің бастапқы құны нөлге тең.

Ақпараттық хабарландырулар
31 августа 2026
Жалпыға бірдей декларациялау: 2026 жылы 270.00 нысанын кім тапсырады

Жалпыға бірдей декларациялау: 2026 жылы 270.00 нысанын кім тапсырады

2026 жылы 270.00 нысаны бойынша декларация 2025 есепті жыл үшін ұсынылады.

Декларацияны тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

270.00 нысанын ұсыну міндеті келесі санаттарға қатысты:

мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
жарғылық капиталдағы үлесі 10%-дан астам болатын заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары);
жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
өз бетінше салық салуға жататын табыстар алған тұлғалар;
шетелдік банктердегі шоттарында жалпы сомасы 1000 АЕК-тен асатын ақша қаражаты бар тұлғалар;
цифрлық активтері бар тұлғалар;
есепті салық кезеңі ішінде жалпы құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де мүлік сатып алған тұлғалар;
салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

Ақпараттық хабарландырулар
12 августа 2026
Кассалық фискалдық чек пен тауар чегі: айырмашылығы неде?

Кассалық фискалдық чек пен тауар чегі: айырмашылығы неде?


Кассалық фискалдық чек пен тауар чегі – әртүрлі құжаттар және олардың құқықтық мәні де әртүрлі.
Фискалдық чек бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану арқылы қалыптастырылады және ақшалай есеп айырысу фактісін растайды. Құжатта фискалдық белгі және QR-кодты қоса алғанда, міндетті деректемелер көрсетіледі, ал жасалған сату туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне беріледі.


Тауар чегінде сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат қамтылады, алайда онда фискалдық белгі болмайды және ақшалай есеп айырысудың БКМ-де тіркелгенін растамайды. БКМ қолдану міндетті болған жағдайларда, тауар чегі фискалдық чекті алмастыра алмайды және тек қосымша құжат ретінде берілуі мүмкін.
БКМ міндетті түрде қолданылатын жағдайда ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде фискалдық чек беру – сатушының міндеті және жүргізілген есеп айырысудың заңдылығын растайды.

Ақпараттық хабарландырулар
12 августа 2026
Бизнесті тарату: салықтық есептілік туралы нені білу маңызды

Бизнесті тарату: салықтық есептілік туралы нені білу маңызды
Заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі таратылған кезде тарату бойынша салықтық есептілік аралық тарату балансын бекіткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде ұсынылады (ҚР Салық кодексінің 74-бабы 2-тармағы).
Мұндай есептілікті ұсыну салықтық әкімшілендіруді, оның ішінде салықтық тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.
Сондай-ақ мыналарды білу маңызды:
• салық берешегі таратылатын салық төлеушінің ақша қаражаты мен мүлкі есебінен өтеледі;
• мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, қалған берешек заңнамада көзделген жағдайларда құрылтайшылардан (қатысушылардан) өндіріп алынуы мүмкін;
• артық төленген салықтар, төлемдер, өсімпұлдар және кедендік төлемдер алдымен берешекті өтеуге бағытталады, ал қалған сома салық төлеушіге қайтарылады;
• берешектің жоқтығы туралы хабарлама алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде тарату рәсімін аяқтау үшін тіркеуші органға жүгіну қажет.

Ақпараттық хабарландырулар
12 августа 2026
Дебиторден салық берешегін өндіріп алу қашан мүмкін?

Егер салық төлеуші салық берешегін белгіленген шекті мөлшерден асқан жағдайда да, оның банктік шоттарындағы қаражатты өндіріп алғаннан кейін өтемесе, салық органы оның дебиторларының шоттарындағы ақша қаражатына өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Дебитор деп кім танылады?
Дебитор – салық төлеушіге берешегі бар жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Қандай тәртіппен жүзеге асырылады?
• салық органы дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жібереді;
• дебитор салық төлеушімен өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін немесе өзара есеп айырысуды растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс;
• хабарлама орындалмаған жағдайда, салық органы дебиторға қатысты салықтық тексеру жүргізуге және оның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.
Инкассолық өкім қашан қойылады?
Инкассолық өкім дебитордың банктік шоттарына расталған берешек сомасы шегінде мынадай құжаттардың негізінде жіберіледі:
• өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
• салықтық тексеру актісі;
• заңды күшіне енген сот шешімі.
Инкассолық өкім салық төлеуші немесе дебитор салық берешегін өтегеннен кейін кері қайтарылады.

Ақпараттық хабарландырулар
12 августа 2026
Медицинаға ЖТС бойынша шегерім: 2025 ж. 270.00 нысанындағы декларацияда қалай көрсетілуге болады

Медицинаға ЖТС бойынша шегерім 2025 ж. 270.00 нысанындағы декларацияда қалай көрсетілуге болады

Егер жұмыс беруші төлем көзінен ЖТС есептеу кезінде шегерім берген болса, оны 270.00 нысанындағы декларацияда қайта көрсетуге болмайды

Бұл салық шегерімін екі есе қолдануға әкеледі оған жол берілмейді Бұл ретте салық төлеуші 270.00-нысанда салық агенті қолданбаған шегерімдерді оның ішінде медицинаға шегерімнің пайдаланылмаған сомасын ғана дербес мәлімдеуге құқылы

Міндетті шарт Салық кодексінің талаптарын сақтау және растайтын құжаттардың болуы Негіздеме ҚР Салық кодексінің 342-бабы және ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген 270.00 нысанды декларацияны жасау ережесі

Ақпараттық хабарландырулар
12 августа 2026
ЖК 910.00 СЕН-да жалға берілетін пәтерлердің барлық мекенжайларын көрсетуі тиіс

ЖК 910.00 нысанындағы салық есептілігінде жалға берілетін пәтерлердің барлық мекенжайларын көрсетуге тиіс

«Қызметті жүзеге асыру орны туралы ақпарат» бөлімінде жалға берілетін барлық нысандар көрсетілуі қажет. Әрбір нысан жеке-жеке, оның мекенжайы, тиісті МКБ, қаласы, көшесі, үйі және пәтер нөмірі көрсетіле отырып толтырылады.
Маңызды: ЖТС әрбір жылжымайтын мүлік нысанының орналасқан жері бойынша қолданыстағы мөлшерлемені ескере отырып есептеледі.

Негізгі мөлшерлеме 4% құрайды. Бұл мөлшерлеме жергілікті мәслихаттың шешімімен белгіленген шек шегінде 50%-ға дейін төмендетілуі немесе арттырылуы мүмкін.
Яғни, егер ЖК бір қалада тіркелгенімен, пәтерлерін басқа елді мекендерде жалға берсе, 910.01 нысанын толтыру кезінде барлық нысандардың орналасқан жері бойынша тиісті МКБ мен мекенжайларды көрсетуі және сол аумақтағы мәслихаттардың шешімдерін ескеруі қажет.


910.00 нысанындағы салық есептілігін толтыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығымен белгіленген.

Ақпараттық хабарландырулар
31 июля 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған студенттерге арналған ақпарат

Егер студент өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолданса және E-Salyq Business мобильді қосымшасында МӘМС бойынша берешек көрсетілсе, ал төленген МӘМС жарналары қайтарылып жатса, жеңілдік санаты туралы мәліметтерді жаңартып, қолдау қызметіне жүгіну қажет.

Ол үшін:
Оқу орнынан күндізгі оқу нысанында білім алатынын және оқу кезеңін растайтын анықтама алу қажет.

 E-Salyq Business қосымшасында:
«Профиль» → «Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған мәліметтер» → «Санат» бөліміне өтіп, «күндізгі оқу нысаны» жеңілдік санатын таңдап, жеңілдіктің қолданылу мерзімін («бастап» және «дейін») міндетті түрде көрсету қажет.

Осыдан кейін қолдау қызметіне өтініш жолдап, оған оқу орнынан алынған анықтаманы қоса тіркеп, тиісті кезең үшін «студент» жеңілдік санатын ескере отырып әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуді сұрау қажет.

Өтініште:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
ЖСН;
қайта есептеу жүргізілуі тиіс кезең көрсетілуі ұсынылады.

Өтініш тіркелгеннен кейін қолдау қызметі оны қарап, есептеулерге түзету енгізу мәселесін қарайды.

 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы