2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындылары туралы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметінің эпикалық аспектілері

2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындылары туралы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметінің эпикалық аспектілері

Бюджет

2023 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 293,8 млрд. теңге салық түсімдері қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 146% -. құрады (+92,4 млрд. теңге).

Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің 70,0 млрд. теңгеге өсуі мұнай секторы бойынша 157% (2022 жылғы 1 жартыжылдықта – 88,7 млрд., 2023 жылғы 1 жартыжылдықта – 139,3 млрд.теңге) және шикізаттық емес сектор бойынша 140% түсімдердің оң динамикасымен байланысты.(2022 жылғы 1 жартыжылдықта-48 млрд., 2023 жылғы 1 жартыжылдықта – 67,2 млрд. теңге). Шикізаттық емес сектор бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде республикалық бюджетке түсетін түсімдердің өсімі 19,3 млрд. теңгені құрады.

Қосымша резервтер

Жоспарды орындау мақсатында РБ-те қосымша резервтер бойынша Жол картасына сәйкес іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі қосымша түсімдер 9,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде өндірілген резервтерден 82% - ға немесе 4,2 млрд.теңгеге артық (2022 жылдың 6 айында алдын ала резервтер 5,1 млрд. теңгені құрады).

РБ-те негізгі резервтер камералдық бақылау (2421,1 млн.теңге - "тірі ақшамен", 455 млн. теңге - артық төлем есебінен), ҚҚС қайтаруды әкімшілендіру (1716,7 млн.), салық берешегін өндіріп алу (1184 млн. теңге) есебінен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік қызметтер

2023 жылдың 1 жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс органдары барлығы 388,5 мың қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық түрде 387,2 мың қызмет немесе 99,7 %.

(Өткеннің осындай кезеңінде 289,5 мың қызмет көрсетілді,оның ішінде электрондық түрде 288,1 мың қызмет немесе 99,5%).

 Экспорттық бақылау

ЕАЭО бойынша жанама салықтарды әкімшілендіру шеңберінде 1,7 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі резервке дейінгі деңгейден 6 есе жоғары.

Осы бағыт бойынша тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының оларда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі, тауарларды қолданыстағы жүк алушыларға әкелу мәселесі бойынша 510 бұзушылық фактісі анықталды (8,5 млн.теңгеге айыппұл). (Транзиттік АТС-тың 877 тасымалдаушысы бойынша тақырыптық тексеру жүргізілді, нәтижесінде 569,3 мың теңге сомаға 16 тасымалдаушыдан әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді. 861 тасымалдаушы бойынша бұзушылықтар тіркелген жоқ).

Шекара арқылы тауарларды өткізу процесінің мониторингі нәтижелері бойынша экспорт бойынша шектеулер енгізілген тыйым салынған тауарларды әкету әрекеттерінің 85 фактісі анықталды және жолы кесілді (оның ішінде: пияз – 21 факт, мұнай өнімдерін әкету – 49 факт, сынықтар мен қалдықтар - 5, минералды тыңайтқыштар - 5 факт, экспорттық бақылауға жататын тауарларды өткізу-5 факт), ЭШФ куәландырусыз тауарларды алып қою тізбесінен әкету әрекеттерінің 185 фактісі.

Акциздерді басқару

Сондай-ақ, есепті кезеңде акцизделетін өнім айналымы саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 2157,5 л алкоголь өнімі, 130 мың қорап темекі өнімдері және 3,9 тонна мұнай өнімдері тәркіленді.

Аудит

Есепті кезеңде салықтық тексерулер бойынша 10,1 млрд.теңге, оның ішінде "Жайықмұнай" ЖШС - 9,6 млрд. теңге және "KKS-SICIM" ЖШС - 205 млн. теңге қосымша есептелді. Жоғарыда аталған кәсіпорындарды есепке алмағанда, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосымша есептеулердің 5 есе өсуі байқалады (2022 жылдың 1 жартыжылдығы - 2,1 млрд. теңге)

Салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша өндіріп алу 21,4% - ға ұлғайды (2023 жылдың 1 жартыжылдығы - 10,2 млрд.теңге., 2022 жылдың 1 жартыжылдығы-8,4 млрд. теңге) және тексеру актілері бойынша резервке дейінгі жоспардың орындалуы 109,4% құрады.

1 тексеруге орташа қосымша есептеу 11% - ға артып, 100 млн.теңгені құрады, 1 жедел аудиторға орташа қосымша есептеу - 5 есе немесе 916 млн. теңгені құрады.

(01.07.2022 жылға салықтық тексерулер бойынша 1 тексеруге орташа қосымша есептеу-90 млн. теңге, 1 жедел аудиторға орташа қосымша есептеу - 188 млн.теңге.).

Анықтама: 2023 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы 1460 салықтық тексеру жүргізілді, оның ішінде 29 кешенді тексеру, 97 тақырыптық, 1225 тақырыптық тексеру жекелеген мәселелер бойынша, 98 қарсы тексеру, 11 хронометраждық тексеру. 29 кешенді тексерудің 20-сы тарату.

Кедендік әкімшілендіру

Кедендік төлемдерді алып қоюдың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында басымдықтардың бірі кедендік тексеріп қарауды сапалы жүргізу, кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын, оның ішінде жеңілдіктер мен тауар номенклатурасының кодтарын қолдануды бақылауды күшейту болып айқындалды.

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 249,4 млн.теңге сомасына 621 ДТ бойынша кедендік құнға түзетулер жүргізілді (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 145,8 млн. теңге сомасына 385 КДТ/КҚС). 1 КТС нәтижелілігі 6% - ға артты.

Есепті кезеңде 52 кедендік тексеру жүргізілді, кедендік тексерулердің тиімділігі 10% - ға артып, 63% -. құрады (2022 жылы 1 жартыжылдықта-45 тексеру, 24 бұзушылық, 2023 жылы-52 тексеру, 33 бұзушылық.)

Жалпы есепті кезеңде кедендік әкімшілендіру бойынша 668 млн. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

 Берешек

01.07.2023 ж. жағдай бойынша берешек 1,6 млрд. теңгені құрады, жыл басымен салыстырғанда 213 млн. теңгеге немесе 11,4% - ға төмендеді (01.01.23 ж. – 1,9 млрд. теңге).

           Жыл басында бересі бар кәсіпорындар бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1 209,2 млн. теңгеге төмендеу қамтамасыз етілді, оның ішінде:

- 502,3 млн. теңгеге 21 кәсіпорын банкрот деп танылды;

- 203,2 млн. теңгеге 4 СТ жарамсыз мәмілелер;

- соттың 124,3 млн. теңгеге 3 кәсіпорын бойынша оңалту жоспарын бекітуі;

- ақшалай қаражатпен өндіріп алу- 219,1 млн. теңге.

2023 жылғы 1 тоқсандағы есептеулер бойынша құрылған ағымдағы берешекті пысықтау нәтижелері бойынша 1,5 млрд. теңге өндірілді.

Жалпы, ЗТ, ЖК және ЖТ бойынша 433 млн. теңге сомасында "тірі ақшамен" салық берешегін өндіріп алу қамтамасыз етілді.

Артық төлем бойынша.

01.07.2023 ж. жағдай бойынша ГБ+ҰҚ артық төлем 101,4 млрд. теңгені құрады. Жыл басымен салыстырғанда 42,0 млрд. теңгеге ұлғайып, қарқыны 170,7% - (құрады (01.01.23. - 59,4 млрд. теңге).

Сонымен қатар, жүргізілген жұмыс бойынша артық төлем 10,9 млрд. теңгеге төмендетілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің этикалық аспектілері

         "Мемлекеттік қызметші" ұғымы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңында мемлекеттік органда мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде айқындалған.

       Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық пен сөйлеу мәдениетіне, киіміне, адамгершілік қасиеттеріне жоғары талаптар қояды.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері қызметінің әдеп нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітілген.

    Әдеп кодексінің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыру, олардың өздерінің кәсіби қызметін орындауы үшін, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке деген сенімін сақтау және нығайту үшін әдеп нормалары мен қызметтік әдеп стандарттарын белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының бірыңғай нормаларын қамтамасыз ету болып табылады.

      Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының мынадай стандарттарын сақтауға тиіс:

       1) қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

      2) мемлекеттің мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

      3) заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға;

      4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өз әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сын айтуға себеп бермеуге;

      5) іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

      6) лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты кез келген сипаттағы заңсыз уәделер бермеуге және заңсыз міндеттемелер алмауға;

      7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесінде онымен байланысты мүмкіндіктерді, оның ішінде оларға өз көзқарасын насихаттау үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

      8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалануға;

      9) қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін заңсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеуге міндетті.

      Кәсіби қызметте, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта қызметтік этиканың этикалық нормалары мен стандарттарын сақтау мемлекеттік қызметшілердің міндеті болып табылады және лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілген.

      Сонымен қатар, заңнамада мемлекеттік қызметшілердің этикаға байланысты қызметіне шектеулер ресми түрде бекітілген. Сөйтіп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқығы жоқ. Олардың материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға, өз функцияларын орындауға байланысты іс-әрекеттерді немесе әрекетсіздіктерді жүзеге асырғаны үшін ақша және қызметтер түрінде сыйақы алуға, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және ереуілдерді қоса алғанда, лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға құқығы жоқ.

      Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерде әдепті мінез-құлық қағидаларын сақтауға жауапкершілік пен талапты қалыптастыру, сондай-ақ әдеп талаптарын бұзуға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде "Мемлекеттік қызметтегі әдеп", "Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен имиджі" тақырыптары бойынша оқытуды ұйымдастырады.

     Өткізілетін оқыту мемлекеттік қызметшілерде азаматтық жауапкершілік, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге ұмтылу, қызметтік әдеп стандарттарының талаптарын білу және мемлекеттік қызметшілердің табысты қызметінің қажетті шарттары болып табылатын осы талаптарға сай әрекет етуге дайын болу сияқты маңызды құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.