Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша өзгерістер

Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша өзгерістер
БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Салық Кодексінің 412 тармағына еңгізілген өзгерістер туралы хабарлайды:
Атап айтқанда, 7 тармақ электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер;
8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар.
⠀
Осы тармақша патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын тұлға сатып алушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері арасында азаматтық-құқықтық мәмілелер жүзеге асырылған кезде қолданылады;
9) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша – салық төлеушілер.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлға жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды."
⠀
Көрсетілген тармақшалар 2021 жылдың 01 сәуір айынан бастап қолданысқа еңгізіледі.