САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА жалғастыру
Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруға, сондай-ақ белгіленген мерзім аяқталғанға дейін оны қайта бастауға құқылы.
🔹 НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
📌 Қызметін қайта бастаған кезде салық есептілігін ұсыну міндетті түрде қайта басталады.
⏳ Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қою мерзімінен аспауға тиіс.
🧾 Тоқтата тұру күнінен бастап қайта бастау күніне дейін ҚҚС төлеушісі үшін электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру тоқтатылады.
⚠️ Егер салық салу объектілері болса, салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруға жол берілмейді.
🌐 АҚПАРАТ ҚАЙДА ЖАРИЯЛАНАДЫ?
Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру және (немесе) қайта бастау туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында тиісті шешім қабылданған күннен кешіктірілмей жарияланады.
Бұл ақпаратты интернет-ресурста жариялау салық өтінішінде немесе жергілікті атқарушы органның өтінішінде көрсетілген кезең үшін салық есептілігін ұсынбауға негіз болып табылады.
❌ ҚАЙ ЖАҒДАЙДА ТОҚТАТА ТҰРУДАН БАС ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН?
Егер:
🔸 салық берешегі немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болса;
🔸 салық төлеуші әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілсе;
🔸 салық органының орындалмаған хабарламалары болса.
🔄 САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ ДЕП ҚАШАН ТАНЫЛАДЫ?
Салық органы салық есептілігін ұсыну мына жағдайларда қайта басталды деп таниды:
✅ салық төлеуші салық есептілігін ұсынған кезде;
немесе
✅ тоқтата тұру кезеңінде салық төлеушінің қызметін қайта бастағаны анықталған кезде.
📌 Қызметті қайта бастау – салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу бойынша салық міндеттемесінің, сондай-ақ әлеуметтік міндеттеменің туындауына әкелетін қызметті қайта жүзеге асырудың басталуы.
📖 Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының Салық кодексі.