ҚОСЫМША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ: НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 116-бабына сәйкес, бұрын ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру қажет болған жағдайда қосымша салық есептілігі және (немесе) хабарлама бойынша салық есептілігі ұсынылады.
🔹 ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЛАЙ КӨРСЕТІЛЕДІ?
Егер салық есептілігінде көрсетілген сомалар өзгерсе, тиісті жолда нақты сома мен бұрын көрсетілген соманың арасындағы айырма көрсетіледі.
Егер сомамен байланысты емес өзге көрсеткіш өзгерсе, тиісті жолда жаңа мән көрсетіледі.
💡 Қосымша салық есептілігін және (немесе) хабарлама бойынша салық есептілігін ұсынған кезде салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылмай төленуге жатады.
⚠️ ҚОСЫМША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ ҚАЙ КЕЗДЕ ҰСЫНЫЛМАЙДЫ?
Қосымша салық есептілігін:
❌ салықтық тексеру жүргізіліп жатқан тексерілетін салық кезеңі үшін;
❌ салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау кезеңінде;
❌ есептілікте қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару туралы талап көрсетілген жағдайда;
❌ есепті салық кезеңінің 2, 3 және 4-тоқсандары үшін корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдерге белгіленген мерзім өткеннен кейін;
❌ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынған тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы есептілігі бойынша ұсынуға жол берілмейді.
📌 Назар аударыңыз!
Қосымша салық есептілігін ұсынбас бұрын Салық кодексінде белгіленген шектеулерді ескеру қажет.
📖 Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 116-бабы.