САЛЫҚТЫҚ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МОНИТОРИНГТЕУ
2026 жылдан бастап салық органдары салық төлеушілердің салықтық тіркеуге қатысты талаптарды сақтауына мониторинг жүргізеді.
📍 Мониторинг дегеніміз не?
Салықтық тіркеу талаптарының сақталуын мониторингтеу – салық төлеушінің қызметі туралы салық органында бар мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар мен банктік ұйымдардың ақпараттарын жинау және талдау.
🎯 Мониторингтің мақсаты – Салық кодексінің салықтық тіркеуге қатысты талаптарының сақталуын бақылау.
🔹 ХАБАРЛАМА АЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Егер мәліметтерді зерделеу және талдау нәтижесінде салықтық тіркеу талаптарының бұзылғаны анықталса, салық төлеушіге салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама жіберіледі.
Салық төлеуші:
✅ Хабарламамен келіссе – хабарламада көрсетілген салықтық тіркеу талабын орындауы қажет.
✅ Келіспесе – келіспеу себептерін негіздей отырып, түсініктеме ұсынуға құқылы.
Түсініктемеде:
▪️ салық төлеушінің және хабарламаны жіберген салық органының сәйкестендіру деректері;
▪️ хабарламаның нөмірі мен күні;
▪️ хабарламамен келіспеу негіздемесі көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда өз ұстанымын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беруге болады.
⚠️ МАҢЫЗДЫ!
Егер түсініктемеде келіспеу негіздемесі көрсетілмесе немесе келтірілген дәлелдер құжаттармен расталмаса, хабарлама орындалмаған деп танылуы мүмкін.
Бұл жағдайда салық органы тиісті шешім қабылдайды.
❗ Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда заңнамада көзделген бақылау және қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкін.
📖 Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 106–107-баптары.
Салық органдарынан келіп түсетін хабарламаларды уақтылы тексеріп, салықтық міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындаңыз.