2025 жылға арналған мүлік салығы: мерзімінде төлемеудің салдары
Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің меншік иелері – жеке тұлғаларға 2025 жылға арналған мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады.
Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейлі банктерге берілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына мобильді қосымшаларда, соның ішінде Kaspi және Halyk-те әрбір нысан бойынша сомалардың егжей-тегжейі көрсетілген push-хабарламалар келді.
Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:
– екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
– банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;
– банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк картасымен.
МКД 2026 жылдың 2 қазанынан бастап өтелмеген берешегі бар меншік иелеріне тиісті хабарламалар жіберілетініне назар аударады. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады; ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда іс жеке сот орындаушыларына беріледі.
Департамент осы рәсімді болдырмау үшін төлемді алдын ала жүргізуді ұсынады