2025 жыл үшін 270.00 нысанындағы 282 АЕК-ке дейінгі шегерімді қалай растауға болады?
2025 жылы қызметкер өтініш беру арқылы жұмыс берушіден растайтын құжаттарды ұсынбастан, жылына 282 АЕК-ке дейін (айына 23,5 АЕК) алдын ала шегерім ала алатын. Бұл шегерім оқуға, медициналық қызметтерге, ипотекалық қарыз бойынша сыйақыларға және ерікті зейнетақы жарналарына жұмсалған шығындарға қолданылды.
Бұл ретте оқу, медицина немесе ипотека бойынша шегерімнің әрбір түрі 118 АЕК-тен аспауы тиіс, ал барлық санаттарды ескере отырып, жылдық жалпы шегі 564 АЕК болды.
Егер мұндай шегерім жұмыс беруші тарапынан қолданылған болса, оны 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей кірістер мен мүлік туралы декларацияның 270.00 нысанында растау қажет. Ол үшін келісімшарттар, чектер, түбіртектер және басқа да растайтын құжаттар қажет, оларды талап қою мерзімі ішінде сақтау керек.
Маңызды: бір айда пайдаланылмаған шегерім қалдығы келесі айға ауыстырылмайды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тәртіп тоқтатылды. Жаңа Салық кодексінде азаматтардың барлық санаттары үшін 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай тіркелген салықтық шегерім көзделген.
Осылайша, 282 АЕК-ке дейінгі шегерім — 2025 жылғы кірістерге арналған бір реттік шара. Оны жұмыс беруші арқылы пайдаланған тұлғалар шығындарын 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін декларацияда растауы қажет.