Меню

Страницы

Статья

Шетелде оқитын студенттер: 15 қыркүйекке дейін 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыру қажет пе?

Шетелде оқитын студенттер: 15 қыркүйекке дейін 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыру қажет пе?

Қазақстан Республикасының азаматының шетелдік жоғары оқу орнында оқуының өзі оның декларация тапсыруға міндетті екенін білдірмейді.
2025 жылдан бастап студенттер заңда белгіленген негіздер болмаған жағдайда міндетті декларациялаудан босатылды.
2025 жыл үшін жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00 нысаны) мынадай жағдайларда қажет:
– 2025 жылғы 31 желтоқсанда шетелдік банктердегі шоттарда жиынтығы 1 000 МРП-тан — 3 932 000 теңгеден асатын қаражат болса;
– шетелде мүлік — жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, шетелдік компаниялардағы үлестер және басқа да активтер болса;
– цифрлық активтер болған жағдайда;
– 2025 жылы құны 20 000 МРП-тан — 78,64 млн теңгеден асатын мүлік сатып алынған болса;
– өз бетінше салық салуға жататын кірістер алынған немесе декларация тапсыруға өзге де негіз болған жағдайда.
Маңызды: 2026 жылғы декларациялық науқан 2025 жылға қатысты.
Шетелде білім алатын студенттердің шәкіртақылары мен гранттарына арналған жеңілдетілген режим жаңа Салық кодексінде 2026 жылдан бастап белгіленген және егер 2025 жыл бойынша басқа негіздер туындаған болса, декларация тапсыру міндетін жоймайды.
Декларация тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Есептелген ЖТС болған жағдайда, оны 2026 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей төлеу қажет.
Декларацияны онлайн түрде Салық төлеушінің кабинеті, eGov және мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады.

 
Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚТЫҚ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МОНИТОРИНГТЕУ
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ НАЛОГОВАЯ ОТЧЕТНОСТЬ: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ?
Ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА жалғастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы