Меню

Страницы

Статья

ККМ: изменились требования к чекам и цифровому обмену

БКМ: чектерге және цифрлық алмасуға қойылатын талаптар өзгерді

Кәсіпкерлер мен кассирлер ескеруі тиіс негізгі өзгерістер:

Медициналық қызметтер. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ чегінде енді медициналық қызметтерді алушының сәйкестендіру нөмірі көрсетілуі тиіс.

Чек деректемелері. Чекте ұлттық тауарлар каталогы бойынша тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы, тауардың сәйкестендіру коды және таңбаланатын тауарларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер, сондай-ақ саны, өлшем бірлігі, бағасы және жалпы сомасы көрсетілетіні нақтыланды.

Чекті тексеру. Деректерді беретін БКМ үшін чекте ОФД атауы және оның интернет-ресурсының деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ чек туралы ақпараты бар штрих-код қалыптастырылады.

БКМ тіркеу. Деректерді беретін БКМ-ды есепке қою, тіркеу деректерін өзгерту және есептен шығару ОФД немесе «цифрлық үкімет» порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.

Өзгерістер ҚР Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 595 бұйрығымен енгізілді және 2026 жылғы 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚТЫҚ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МОНИТОРИНГТЕУ
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ НАЛОГОВАЯ ОТЧЕТНОСТЬ: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ?
Ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА жалғастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы