Меню

Страницы

Статья

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұлды қалай төлеуге болады?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұлды қалай төлеу керек

Әлеуметтік төлемдерді уақтылы немесе толық төлемегені үшін өсімпұлды мыналар арқылы енгізуге болады:
– екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары (мысалы, Halyk: Төлемдер → Барлық төлемдер → Мемлекеттік төлемдер → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар);
– Kaspi.kz (Мемқызметтер / Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған аударымдар немесе өсімпұлдар бойынша жеке төлемдер бөлімі);
– «Қазпошта» АҚ бөлімшелері.

Есептелген өсімпұл сомасын алдын ала «e-Salyq Business» мобильді қосымшасында немесе Салық төлеуші кабинетінде тексеруге болады.

Маңызды: «e-Salyq Business» қосымшасы арқылы әлеуметтік төлемдер мен өсімпұл сомаларын төлеу (есептен шығару) жүргізілмейді. Қосымша чектерді қалыптастыру және міндеттемелерді есептеу үшін пайдаланылады.

Өсімпұлды төлеу кезінде төлем мақсатының дұрыс кодын (ТМК) көрсету қажет:
– 019 - міндетті зейнетақы жарналары бойынша өсімпұл (МЗЖ);
– 098 - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша өсімпұл (ЖМЗЖ);
– 017 - әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұл (ӘА);
– 124 - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша өсімпұл (МӘМСЖ).

Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚТЫҚ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МОНИТОРИНГТЕУ
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ НАЛОГОВАЯ ОТЧЕТНОСТЬ: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ?
Ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА жалғастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы