Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша сұрақтарға жауаптар(БҚО бойынша МКД)

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша сұрақтарға жауаптар(БҚО бойынша МКД)
❓ Сұрақ:Жеке тұлғаның банкроттығына байланысты бас тарту себебін және (немесе) қабылданған шешімді қайдан көруге болады?
❗ Жауап:Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында және «электрондық үкіметтің» веб-порталында:
1️⃣ соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;
2️⃣ тиісті сот ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін орналастырады.
Өтініштің мәртебесі, банкроттық рәсімін қолдану, аяқтау немесе қолданудан бас тарту туралы қабылданған шешім, сондай-ақ қабылданған шешімнің негіздері туралы ақпарат eGov.kz веб-порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ Tazalau (Qoldau) порталында қолжетімді.
❓ Сұрақ:Егер азамат банкрот деп танылса, қарыздары қандай мерзімде есептен шығарылады?
❗ Жауап:Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелері «электрондық үкімет» веб-порталында соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және борышкердің банкрот деп танылғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап тоқтатылады.
❓ Сұрақ:3 жыл бұрын банкрот деп танылдым. Үш жылдан кейін банкроттық мәртебесі жойылды. Оның негіздерін қайдан көруге болады?
❗ Жауап:Банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізуді уәкілетті орган борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл бойы жүзеге асырады.
Кредиторлар уәкілетті органнан ақпарат алған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күшін жою және банкроттық рәсімін қайта бастау туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында және «электрондық үкімет» веб-порталында:
1️⃣ соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;
2️⃣ тиісті сот ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін орналастырады

Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚТЫҚ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МОНИТОРИНГТЕУ
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ НАЛОГОВАЯ ОТЧЕТНОСТЬ: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ?
Ақпарат
06 октября 2026
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА жалғастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы