Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 қаулысымен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 6-бабының 5-тармақшасына сәйкес» Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалды:
- Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою;
- төтенше жағдай енгізілген кезең;
- аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және емдеу;
- орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу. БҚО бойынша МКД КӘБ