«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.

1. Камералдық мониторинг басқармасының №1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-13-1/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 350 615 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Тіркелуі/қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың контрагенттері бойынша хабарламаларды уақтылы өңдеу. Сенімсіз салық төлеушілерін анықтауды, залал сомасы 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын контрагенттер бойынша материалдарды Экономикалық тергеу департаментіне беруді бақылау. Салық заңнамасы талаптарын сақтау мәселесі бойынша көшіп келген салық төлеушілерге бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде ақшалай қаражат алған салық төлеушілерге  бақылау, талдау және мониторинг жүргізу, мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілерді қазынашылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, жеке табыс салығы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің камералдық бақылау хабарламаларын өңдеу. Салықтық тексеру тағайындау үшін орындалмаған хабарламалар бойынша материалдардың аудит басқармасына берілуін бақылау. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтары үшін арнаулы салық режимін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер және ауылшаруашылық кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді әкімшілендіру. Кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілендіру жұмыстарын бақылау. Жер қойнауын пайдаланушылар мен резиденттер еместерге салық салуды әкімшілендіру.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.           

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

ІІ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті  Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі , 12 үй, анықтама телефоны: (871145) 31-4-90, 31-806 электрондық мекенжайы: zh.ergaliev@kgd.gov.kz.

1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-9-2/5), (уақытша, негізгі қызметкер И.Исқалидың бала күту демалысы кезеңінде, 22.08.2027ж. дейін), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 000 (min) теңгеден 302 000 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер  басқармасы басшысының және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, камералды бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар дайындау. Өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша әкімшілендіру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың толтырылуын, ӘІЖБТ бағдарламасына Ф1-АП, АВ карточкаларының уақытыл енгізу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Басқарма тарапына келген ақпараттар, тапсырмалар, есептердің уақытында және сапалы беруге жауапты  болады. Өзіне бекітілген қызметтік міндеттері бойынша актуалды сұрақтарды әлеуметтік желілерге орналастыру, БАҚ жариялануына бақылау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді; бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4  санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе  ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2026 жылдың 10 сәуірінен бастап 2026 жылдың 14 сәуірін қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
10 апреля 2026