І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.
1. Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-10/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 350 615 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау анықтамаларын дайындау, салық және басқа да міндетті төлемдер, кедендік төлемдер түсімін талдауға бақылауды жүзеге асыру, салық және басқа да міндетті төлемдер түсімінің динамикасын талдауға, артық төлемді талдауға бақылауды жүзеге асыру, салық әкімшілендіруді талдауды жүзеге асыру, салық әкімшілендірудің тиімділігіне талдау жұмыстарын жүргізуді бақылау, салық әкімшілендіруді жақсарту бойынша ұсыныстар енізу, табыстарды төмендетуді анықтау мақсатында салық төлеушілердің қызметіне талдау жасауды бақылау, табыстартарды түсірудің қосымша көздерін анықтау және заңнама бұзушылығы фактілерін болдырмауды бақылау. Аудандар бойынша салықтар мен төлемдердің салық салу базасын ҚР ТСАЖ, тапсырылған СЕН сәйкес талдау, ағымдағы және келешектегі жоспарлау бойынша есептеулер құрастыру, өзге экономика кәсіпорындары бойынша экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, бюджеттер шегінде салық және басқа да міндетті төлемдер, кедендік төлемдер түсімін талдау, салық және басқа да міндетті төлемдер түсімінің динамикасын талдау, артық төлемді талдау, әкімшілендіру нәтижелерін талдау және аудандар шегінде жоспарлар жасағанда оларды қолдану. Салық әкімшілендіруді талдауды жүзеге асыру, салық әкімшілендірудің тиімділігіне талдау жұмыстарын жүргізу, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша салық әкімшілендіруді жақсарту бойынша ұсыныстар енізу, табыстарды төмендетуді анықтау мақсатында салық төлеушілердің қызметіне талдауды жүзеге асыру, табыстартарды түсірудің қосымша көздерін анықтау және заңнама бұзушылығы фактілерін болдырмау, ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдістерін игеру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау және есептілік ақпараттарды жинау және қорытындылау, кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға мониторинг жүргізу, СЭҚ қатысушыларының сыртқы экономикалық қызметінің мониторингін жүргізу, кеден бекеттері бойынша кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға мониторинг жүргізу. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды үйлестіру шеңберінде кедендік бақылау нысандарын жүргізуге катысу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2026 жылдың 12 наурызынан бастап 2026 жылдың 16 наурызын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.