І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.
1. Камералдық мониторинг басқармасының №2 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Ж.Байтурганованың бала күту демалысы кезеңінде, 22.08.2028ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-13-2/2), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 350 615 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Тіркелуі/қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың контрагенттері бойынша хабарламаларды уақтылы өңдеу. Сенімсіз салық төлеушілерін анықтауды, залал сомасы 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын контрагенттер бойынша материалдарды Экономикалық тергеу департаментіне беруді бақылау. Салық заңнамасы талаптарын сақтау мәселесі бойынша көшіп келген салық төлеушілерге бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде ақшалай қаражат алған салық төлеушілерге бақылау, талдау және мониторинг жүргізу, мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілерді қазынашылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, еке табыс салығы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің камералдық бақылау хабарламаларын өңдеу. Салықтық тексеру тағайындау үшін орындалмаған хабарламалар бойынша материалдардың аудит басқармасына берілуін бақылау. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтары үшін арнаулы салық режимін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер және ауылшаруашылық кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді әкімшілендіру. Кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілендіру жұмыстарын бақылау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Заң басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-7/3), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 279 237 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Сотта, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органы қызметінің құқықтық мәселелері қарау кезінде өзге ұйымдарда мемлекеттік кірістер органының мүддесі мен құқықтарын белгіленген тәртіпте қорғау, Департамент қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, салық төлеушілердің шағымдарына қатысты жұмыс жүргізу, сот органдарымен қаралған шағымдарға талдау жасау, әкімшілік материалдарға құқықтық сараптама жүргізу, құқықтық актілердің құқықтық сараптамасын жүргізу,талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларға салық төлеушілердің берген шағымдары бойынша материалдарды сапалы және уақытында қарау, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен СЭҚ қатысушылардың сұраныстарына қорытындылар дайындау, құқықтық мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды уақытылы дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Бизнес, басқару және құқық: құқық.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы («C-О-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-15-2), «C-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 350 615 (min) теңгеден 406 714 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына басшылық жасау, акцизделетін өнімдерге байланысты салық міндеттемелерін орындау мәселелеріне қатысты шаруашылық субъектілеріне құжаттық тексеру және хронометраждық зерттеу жүргізу кестесін және басқарма жұмысының жоспарын дайындау, облыс бойынша акцизделетін өнімдердің қозғалысына бақылауды жүзеге асыру, бөлім қызметкерлерімен жүргізілген тексерулерге бақылау жасау, акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын есепке алуды қамтамасыз ету, салық заңнамаларының сақталуына бақылау жасауды күшейту мақсатында құқық қорғау, қаржы және өзге де органдармен бірлесе отырып, ұсыныстар дайындау. Қосылған құн салығы бойынша әкімшілендіру, заңнамалардың сақталуы мен әдістемесі бойынша бөлім қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру. ҚҚС бойынша салық салу бағытындағы салық заңнамалырын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру, өзекті мәселелердің шешу жолдарын табу, ҚҚС төлеушілер электрондық шот-фактураларына бақылау. 300.00 нысанды салық декларациясы бойынша өткізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша айналымның азаюына өткен кезеңдермен салыстыра отырып, талдау жасау. Бөлім қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауларына бақылау жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің, сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу. Азаматтармен жұмыс жасау.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚбК) 269, 275 баптарына сай бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерге бақылау жүргізу, қадағалау, салық төлеушілердің шағымдарын қарастыру, салық төлеушілердің тексеру актілері, әкімшілік бұзушылық туралы қаулылары бойынша сотқа шағымдануына байланысты сот отырыстарына қатысу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық.
Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-4, С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2026 жылдың 9 ақпанынан бастап 2026 жылдың 11 ақпанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.