«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: u.muldakhanova@kgd.gov.kz, sa.erzhanova@kgd.gov.kz.

1. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-10-2/6), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 000 (min) теңгеден 302 000 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттер: Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтау, мемлекеттің мүдделерін қорғау. ҚР Салық кодексіне сәйкес салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру. Бекітілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізу; уәкілетті органдардың мәліметтерді уақтылы, толық және дұрыс ұсынуын бақылауды жүзеге асыру. Уәкілетті органдар жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға сәйкес мәліметтерді уақытылы, толық және дұрыс ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органдарды, лауазымды адамдарды ҚР ӘҚБтК-нің 471-бабының 2-бөлігі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тарту;   

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Камералдық бақылау бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-6-2/4), (уақытша, негізгі қызметкер Д.Баймағамбетованың бала күту демалысы кезеңінде, 10.10.2028ж. дейін), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 000 (min) теңгеден 302 000 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкері өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, сондай-ақ басқа да нормативті актілерді басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексінің нормаларын сақтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді,сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөніндегі талаптарды сақтау;ҚР ҚМ МКК Төрағасының «Деректерді бірыңғай сақтау» АЖ-де автоматтандырылған камералды бақылау нәтижесі бойынша МКБ-да шаралар өткізу тәртібі» туралы бұйрығына сәйкес, РВУ/ЕХД –да хабарламаларға уақытылы және сапалы жүргізу жұмысы; Тапсырылған декларациялар мен есеп айырысуларға тұрақты түрде камералды бақылау жасайды, егер салық есептілігінде мәліметтер арасында алшақтық және қайшылықтар анықталып жатса, салық төлеушіге камералды бақылау нәтижесі туралы хабарлама жібереді. Егер хабарламаға түсініктеме түрінде немесе СЕН тапсырмаса, жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдарды Аудит басқармасына жібереді; ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды. хаттамалық тапсырмаларға сәйкес хабарламаларды заң бөлімімен келісе      отырып (н.1-АП карточкасы) шығару және ақпараттық есеп құжаттарына енгізу және т.б.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімінің басшысы («C-R-3» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-8-1), (уақытша, негізгі қызметкер А.Құспанованың бала күту демалысы кезеңінде, 05.03.2028ж. дейін), «C-R-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 305 000 (min) теңгеден 350 000 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Жалпы бөлім басшылығы, орталықтың жұмыстарын ұйымдастыру, координациялау және бақылау; бөлім қызметкерлерінің фукционалдық міндеттерін бөлу; салық есептілігін уақтылы тіркеуге, салық өтініштерін уақтылы және сапалы орындау, тапсырмаларды, есеп беруді, сұрауларды, жүгінулердің және хаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау; бөлім кызметкерлерін біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» кабинетінің үнемі жұмыс жасап тұруын қадағалайтын маманның жұмысын бақылауды жүзеге асыру; салық төлеушілермен кездесулер, семинарларды ұйымдастыру және қатысу; бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша салық заңнамаларын төлеушілерге түсіндіру; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету жән сақтау; «ВК» есебі бойынша уақытылы есеп беру; жоғарғы үкімет органдарының және Орал қаласы бойынш Мемлекеттік кірістер басқармасы басшылығының тапсырмаларын мүлтіксіз уақытында орындау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

4. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-9-2/11, «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 000 (min) теңгеден 302 000 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Пошта жөнелтілімдері туралы хабарламаларды қабылдау –беру журналын (хаттарды тапсыру, қайтару туралы түбіртектерді) жүргізу. 1 жұмыс күні ішінде жауапты тұлғаға тапсыру. Салық кодексінің 435,436-баптарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ҚҚС қайтаруды пысықта.     Қосылған құн салығын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың банктік шотына қайтару. Тізімге сәйкес 105101 коды бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау. Негізсіз асырып жіберу фактілері анықталған жағдайда салық заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Қоныс аударатын салық төлеушілер бойынша 105101, 105104 кодтары бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

5. Камералдық бақылау бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-6-2/13), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 000 (min) теңгеден 302 000 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкері өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, сондай-ақ басқа да нормативті актілерді басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексінің нормаларын сақтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді,сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөніндегі талаптарды сақтау;ҚР ҚМ МКК Төрағасының «Деректерді бірыңғай сақтау» АЖ-де автоматтандырылған камералды бақылау нәтижесі бойынша МКБ-да шаралар өткізу тәртібі» туралы бұйрығына сәйкес, РВУ/ЕХД –да хабарламаларға уақытылы және сапалы жүргізу жұмысы; Тапсырылған декларациялар мен есеп айырысуларға тұрақты түрде камералды бақылау жасайды, егер салық есептілігінде мәліметтер арасында алшақтық және қайшылықтар анықталып жатса, салық төлеушіге камералды бақылау нәтижесі туралы хабарлама жібереді. Егер хабарламаға түсініктеме түрінде немесе СЕН тапсырмаса, жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдарды Аудит басқармасына жібереді; ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды. хаттамалық тапсырмаларға сәйкес хабарламаларды заң бөлімімен келісе отырып (н.1-АП карточкасы) шығару және ақпараттық есеп құжаттарына енгізу, және т.б.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

6. Өндіріп алу бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-5-2/9), (уақытша, негізгі қызметкер Р.Есенгалиеваның бала күту демалысы кезеңінде, 23.11.2028ж. дейін), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 000 (min) теңгеден 302 000 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық міндеттемесін орындату әдісі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және салық төлеушілерден мәжбүрлеп өндіріп алу, толық және уақытылы міндетті зейнетақы қорларын, әлеуметтік аударымдардың есептеліп, ұсталуына бақылау жасау. Салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі заңмен белгіленген барлық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Салық берешегіне талдау және оны азайту шараларын анықтау, барлық шараларды қолданғаннан соң ҚР «Банкрот және оңалту туралы» Заңына сәйкес салық заңдылығына сәйкес талап жұмыстарын жүргізу, салық заңдылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілерді банкрот деп тану бойынша істің сотта қаралуына қатысу. Салық және басқа да міндетті төлемдердің есептелу және ұсталу заңдылығы, нормативті құқықтық актілері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу. Салық заңнамасы бойынша белгіліенген тәртіп және мезгілі бойынша мүлік тізімдемесі актісін жасайды. Өкілетті органдарда тіркелмеген мүліктін тізімін анықтайды.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-3, С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2026 жылдың 15 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 19 қаңтарын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
15 января 2026