I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.
1. ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы («C-О-3» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-4), «C-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 354 069 (min) теңгеден 406 714 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық ету, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету, экспорттық бақылау шараларының сақталуын бақылау бойынша өткізу пункттарының қызметін ұйымдастыру, жүйелеу және мониторингін жүргізу, экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, экспорттық бақылаудың жалпы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың құрамында жұмыс топтарына қатысу, тізілімдегі тауарлардың мемлекеттік шекара арқылы өткізу мәселелері бойынша өткізу пункттарына тексеру жүргізу, ЕАЭО халықаралық шарттар базасына сәйкес ЕАЭО-та импорт/экспорт, тауарларды өткізу, жұмыс орындау және қызметтер көрсету кезінде бюджетке ҚҚС толық түсуін қамтамасыз етуді бақылау, импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдауды бақылау, түсімдер резервін анықтау және бюджетке импортқа салынатын ҚҚС түсуін ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізу, экспорттық бақылау мәселелері бойынша Комитетпен, басқа департаменттермен және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет ету.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, кеден ісі, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-3 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2025 жылдың 27 қарашасынан бастап 2025 жылдың 1 желтоқсанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.