І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: u.muldakhanova@kgd.gov.kz, sa.erzhanova@kgd.gov.kz.
1. Өндіріп алу бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-5-2/5), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бекітілген жұмыс учаскесі бойынша жұмыс жүргізеді; жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша салық төлеушілерге түсінік жұмысын жүргізеді; заң бөлімімен келісе отырып және материалға бұрыштама қоя отырып, банкрот деп тану бойынша сот органдарына жіберу үшін мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шаралары қабылданған салық төлеушілер бойынша материалдарды дайындауды және жинауды жүзеге асырады; «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңында және «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінде көзделген рәсімдер кезінде соттарда дебитор ретінде мемлекеттік кірістер басқармасы мүдделерін білдіреді; конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін, әділет департаментінің заңды тұлғалардың мемлекеттік тізімінен шығару туралы бұйрығы негізінде немесе сот органының конкурстық іс жүргізуді аяқтау туралы анықтамасы негізінде есептен шығарылатын соманы азайтуға немесе есептеуге тізілімдер жасайды және оларды тиісті бөлімдерге береді; Басқа МКО-нан көшіп қонатын салық төлеушілер бойынша бақылауды жүзеге асырады, атап айтқанда, көшіп қонушылардың (мигранттардың) дербес шоттарында салық берешегі туындағаннан кейін нақты орналасқан жерін іздестіру тексеру, уәкілетті органдарға сұрау салулар жіберу және функционалдық міндеттерді орындауға байланысты басқа да іс-шараларды жүргізеді; дебиторлар тізімін ұсынбаған борышкерлерге және касса бойынша шығыс операциялары бойынша оларға қатысты шектеулер қойылған борышкерлерге қатысты тексерулер жүргізеді; салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде салық төлеушіге салық берешегін өтеу туралы қалыптастырылған хабарламаны, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны, Мемлекеттік кіріс органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін ұсыну туралы хабарламаны, аударымдар және жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаны, салық берешегі есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шещімді тапсыруды жүзеге асырады;
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
2. Заң бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-3-2/2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Заң бөліміне келіп түскен хаттар мен Мемлекеттік кірістер басқармасының шешімдеріне азаматтар мен жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардан келіп түскен наразылықтар мен арыздарды қарап, оларға уақытында жауап береді. Құзыреті жоғары органға берілетін ақпараттардың уақытында және белгіленген мерзіміне сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Салық заңдылығына сәйкес келіп түскен хаттарға жауап дайындайды. Сот процесстеріне қатысып мемлекеттік кірістер басқармасының шешімдерін тексеру нәтижелерінің заңға сәйкестігін қорғайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысында қолданылатын құжаттардың салық заңдылығына сәйкес екендігін растап отырады. Қазақтан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айып-пұл салу үшін қаралатын құжаттардың заңға сәйкестігін растайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының шешімдерінің, тексеру нәтижелерінің заңға сәйкестігін, және басқа да мемлекеттік атқару органдарымен жұмыс жасауларын, олардың іс әрекетерінің заңға сәйкес екендігін растайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының тексеру нәтижесінде заңға сәйкес келмеген, немесе наразылық, заңсыздықты жою туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарап оларға наразылық шешімін тағайындайды. Әкімшілік іс жүргізулердің біріңғай тізілімін жүргізу қағидасына сәйкес ақпараттық есепке алу құжаттарын еңгізу қызметкерлерге әдістемелік нұсқамалар беруді жүргізеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңын мен Этикалық кодексін ұстанады.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (құқық).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
3. Талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-4-2/2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Салықтық емес төлемдерді қайтару/есепке жатқызуды жүргізуге уәкілетті органдардың қорытындыларын уақтылы өңдеу; Қорытындылар мен төлем тапсырмаларын Қазынашылық органдарына беру; Салық органдарының өкімдеріне сәйкес ҚҚС оңайтылған қайтаруды жүзеге асыру; Барлық кодтар бойынша артық төлемдер жүктеп, әрі қарай тиісті бөлемдерге артық төлемдерді пысықтауға жіберу; Ағымдағы және болашақтық жоспарлауға есеп дайындау; Бекітілген салық түрлері бойынша МЖТ арқылы құрастырылған есептерді талдау жасау; УАМ- белгіленген салықтар мен төлемдер бойынша факторлық талдау; Орал қаласы бойынша бюджетке түскен салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша күнделікті шұғыл есеп дайындау; Тізілім бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарына есептеулер енгізу; Қалыптасқан автоесептеулерді пысықтау; Банкрот және оңалту бойынша дербес шоттарға есептеулер жүргізу; Салықтар бойынша дербес шоттар мен «анықталмаған» төлемдермен жұмыс жүргізу; Басқа мемлекеттік мекемелерден келген сұраныс хаттарға жауап беру; Салық төлеушілердің дербес шоттарын бастапқы төлем құжаттары негізінде дербес шоттарына салықтар мен төлемдердің түскен, қайтарылған сомалардың уақтылы, дұрыс, толық жазбаларын тексеру; Орналасқан орнының және мекен жайының ауысқан заңды тұлғалардың дербес шоттарын басқа аймақтарға жолдау; Орналасқан жерін және тұрғылықты жерін ауыстырған жеке кәсіпкерлердің жеке шоттарын қабылдау және беру; Орналасқан жерін ауыстырған жеке тұлғалардың жеке шоттарын қабылдау және беру; Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі, мекемелердің дербес шоттарын қалпына келтіру; ОБДШ АЖ және АСТАНА-1 АЖ-гі СЭҚҚ бойынша дербес шоттарына есептеулердің дұрыс толтырылғандығына және төлем сомаларының түсімдеріне бақылау жасау, сондай-ақ, талап қою мерзімі өтіп кеткен артық төлемдерді есептен шығару және пысықтау; Орал қаласы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдеріне уақтылы және сапалы хаттарды, мәлімдерді, жауаптарды дайындау; Салық төлеушілердің хаттарына уақтылы және сапалы жауаптарды дайындау; БҚО бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментіне бекітілген мерзімде сапалы және уақтылы сұралған ақпаратты дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2025 жылдың 22 қазанынан бастап 2025 жылдың 24 қазанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.