Пилоттық жобаны іске қосу туралы
"Электрондық декларациялау орталығы»
Жүргізілген кедендік әкімшілендіруді цифрландыру және жаңғырту шеңберінде 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында "электрондық декларациялау орталығы" пилоттық жобасы (ЭДО) іске қосылды.
Пилоттық жобаның мақсаты кедендік әкімшілендіру деңгейін арттыру және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған әкелінетін тауарларға қатысты кедендік бақылау процесі Комитет деңгейінде орталықтандыру болып табылады.
ЭДО артықшылықтары: тауарлардың кедендік құнын бақылау процесін орталықтандыру және бірыңғай баға саясаты; тексеруші лауазымды тұлға мен декларанттың байланысын болдырмау (өзара іс-қимыл тек электрондық нысанда жүзеге асырылады); декларанттың орналасқан жеріне қарамастан тауарды декларациялау болып табылады.
Пилоттық жобада Құжаттамалық бақылауды Комитеттің құрылымдық бөлімшесі кедендік құнды, тауарларды жіктеуді, сондай-ақ жеңілдіктер мен босатулар берудің заңдылығын бақылау шеңберінде жүзеге асырады. Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тексеру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді "АСТАНА-1"ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің кеден бекеттері іске қосылды.
2020 жылдың 09 қарашасынан бастап пилоттық жобаға Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері қосылды.
БҚО бойынша МКД КӘБ