«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақжайық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі,  57 үй, анықтама телефоны: (871136) 91-1-66, 91-6-34, факс 91-6-34, электрондық мекенжайы: b.kartabaev@kgd.gov.kz, zko_akzhaik@kgd.gov.kzосы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
  2. 1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы, (C-R-4 санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-2-3/3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері: Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар толтыру, мемлекеттік қызметшілердің табыс етілген декларацияларын тексеру, салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге хабарламаларды табыс етуді бақылау, камералды бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне есептіліктерді уақтылы дайындау және беру, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру Мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Әкімшілік айыппұл соммаларының салынуы мен өндірілуіне бақылау. ЭҚАБЖ АЖЖ-де жұмыс жүргізу. Салық тексеру актісін толтыру. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың дайындалуын, өз еркімен белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда, әкімшілік материалды мәжбүрлеп өндіріп алуға жолдау. Web-АП платформасына 1-ӘЖ, №1-ӘҚ нысанды карточкаларының енгізілуін бақылау. Өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша әкімшілендіру. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.  Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ дербес шоттардағы өсімақылар мен айыппұлдардың қоса есептелген (есептелген, кемітілген) және төленген (есепке жатқызылған, қайтарылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуіне бақылау және есептілікті дұрыс жасау функцияларын атқару. 1-Н есебін жасау, ҚҚС-ның қайтарылуын жүргізу. ОСДШ бағдарламасының арқылы тускен түсімдерді қабылдап, күн сайын қате төлем құжаттарының тиістілігін анықтау бойынша жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 Бұйрығымен бекітілген «Дербес шоттарды жүргізу ережесіне» сәйкес, дербес шоттарды жүргізу. Қате реквизиттермен келіп түскен салықтарды түзетіп отырғызу. Заңды тұлғаларды және жеке тұлңалардың салықтарын, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару. Жоғарыдан және басқа да жерлерден келіп түскен құжаттарға қатынас қағаздарына уақтылы жауап қайтару. Келесі БСК болжам көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асырады және орындайды: Өз құзыреті шегінде әкімшілік іс жасау және жасалған әкімшілік істің № 1-ӘЖ, №1-ӘҚ нысанды карточкаларын уақтында шығару, СЕӨС АЖ-де сұрауларды өндеу, 2-Н есептілігін дайындауға қатысу. Дербес шоттарды Мемлекеттік кірістер басқарма арасында салық төлеушілердің өтніші бойынша салыстыру актісін жасау, артық және қате түскен салық төлемдерін дербес шоттарын бақылау жасау. Республика бюджетіне және жергілікті бюджетке түсетін тусімдерге бақылау жасап, сараптама өткізіп уақытылы түзетуге үсыныс беріп отыру. Тоқсандық, жылдық түсімдер бойынша жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету.  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі- әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану, кеден ісі  немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

         Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4 санаттары бойынша Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Әбілхайыр хан көшесі,  57 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

  • «Қазақстан Республикасы Қаржы    министрлігі    Мемлекеттік кірістер  комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің Казталов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090700  Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовауылы, Шарафутдинов көшесі, 2 үй, анықтама үшін телефон  8(71144) 31-5-63, факс 31-9-00, электрондық адресі kaztalovka@taxwest.mgd.kz
  1. Салықтық бақылау және өңдіру бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі кызметкердің бала күту демелысы кезеңіне 23.11.2020ж. дейін). («C-R-4» санаты, 1-бірлік, индекстік № 8-3-3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Салықтық тексерулер мен салықтық бақылауларды жүргізу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай салықтар бойынша берешектері, міндетті зейнетақы қоры мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектері бар салық төлеушілерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүзеге асыру,            салық төлеушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтыру соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарымен әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемеген жеке және заңды түлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтыру, әкімшілік мәліметтер есебін жүргізуге қатысу, жергілікті бюджетті толықтыру бойынша қосымша резервтер бойынша іс-шаралар жүргізу, бюжетті орындау жоспарының орындалуы бойынша тиісті шараларды жүргізу, Кеден одағы шеңберінде ҚҚС камеральдық бакылау жасау және әкімшіліктендіруді жүргізу. және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мен айналасатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салық есептілігін камералдық тексеруден өткізу, салық міндеттемесін орындау мақсатында салық төлеушілерге салық заңнамасы бойынша шара қолдану, Келесі БСК болжам көрсеткіштерін бойынша 101110, 101201,101202,103101, 104101,104309,104401,104501,105101, 105284, 105315,105316,  камералдық бақылау жүзеге асырады, хабарламаларды жолдау және олардың уақытында орындалуына бақылау жасау. Дәрменсіз салық төлеушілерді банкрот деп тану туралы талап-арыздар дайындау; салық төлеушілердің  қарсылықтары мен келіспеушіліктері сот істеріне қатысу. Этикалық кодексін ережелерің сақтау.  

Білім бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі- әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе құқық.

Құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовауылы, Шарафутдинов көшесі, 2 үй, мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

Құжаттар 2020 жылдың 6 қарашасынан бастап 2020 жылдың 10 қарашасын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

         Қосымша ақпарат

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
12 ноября 2020