І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090300 Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көшесі №1 үй, анықтама үшін телефон 8(71133) 52-8-85, , электрондық мекен жайы: zko_burlin@kgd.gov.kz.
1. Салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-4-4-3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Салық тексерістері нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі салық міндеттемелері орындалуына бақылау жасайды, салық төлеушілерге камералды бақылауды жүргізу, автоматтандырылған камералдық бақылау хабарламаларын салық төлеушілерге жолдау және олардың орындалуына бақылау жасау, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне есептерді уақтытында табыс ету, тақырыптық және қарсы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар толтыру, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Салық төлеушілерден салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шараларын қабылдайды. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіру шараларын бақылайды және үйлестіреді. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды рәсімдеу үшін төлем қабілеттілігі жоқ мекемелерді анықтайды. Конкурстық салмағы мен борышкерлері жоқ мекемелер бойынша банкроттық процедурасын қозғау жөніндегі шараларды жүргізеді.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, мемлекеттік аудит, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
Бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
2. Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің А.С.Габидулованың бала күту демалысы кезеңіне, 17.11.2027ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-4-5-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесінің орындауына салықтық бақылау жүргізу, уәкілетті органдардың және мемлекеттік мекемелердің салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді есепке алумен байланысты міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Тексерулердің жүргізілуіне және тексеру актілерінде көрсетілген бұзушылықтардың уақтылы жойылуына бақылау жасау. Салық төлеушілер арасында салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық, дұрыс және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру. 2-Н есебін дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит).
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
Бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаттары бойынша БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көшесі №1.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2025 жылдың 27 маусымынан бастап 2025 жылдың 8 шілдесін қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.