«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz 

1. Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі № МКД-12-1/7), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы мәселесімен салық тексерулерін жүргізу, салық төлеушілердің өтініштері мен шағымдары бойынша тексерулер жүргізу, салық тексеру актілерін ҚР ТСАЖ, ҚР САЭБ ақпараттық жүйелеріне енгізу және жөнелту, салық тексеру актілері бойынша салық төлеушілерге хабарламалар табыстау, салық төлеушілердің құқығын сақтау, салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент,мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:        

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.              

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

ІІ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: u.muldakhanova@kgd.gov.kz 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімінің басшысы («C-R-3» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-8-1), (уақытша, негізгі қызметкер А.Құспанованың бала күту демалысы кезеңінде, 05.03.2028ж. дейін), «C-R-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Жалпы бөлім басшылығы, орталықтың жұмыстарын ұйымдастыру, координациялау және бақылау; бөлім қызметкерлерінің фукционалдық міндеттерін бөлу; салық есептілігін уақтылы тіркеуге, салық өтініштерін уақтылы және сапалы орындау, тапсырмаларды, есеп беруді, сұрауларды, жүгінулердің және хаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау; бөлім кызметкерлерін біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» кабинетінің үнемі жұмыс жасап тұруын қадағалайтын маманның жұмысын бақылауды жүзеге асыру; салық төлеушілермен кездесулер, семинарларды ұйымдастыру және қатысу; бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша салық заңнамаларын төлеушілерге түсіндіру; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету жән сақтау; «ВК» есебі бойынша уақытылы есеп беру; жоғарғы үкімет органдарының және Орал қаласы бойынш Мемлекеттік кірістер басқармасы басшылығының тапсырмаларын мүлтіксіз уақытында орындау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-3 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2025 жылдың 18 маусымынан бастап 2025 жылдың 20 маусымын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
18 июня 2025