«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.

1. «Әуежай-Орал» кеден бекетінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-21/5), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарға кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру, кедендік тазалау мен тауарларды декларациялаумен байланысты, соның ішінде,  ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік операцияларды жүргізу, тәуекелді басқару жүйесін  қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, кедендік бақылаудағы тауарларға және олармен жасалатын кедендік операцияларға, соның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданумен есеп жүргізу, Кеден одағының тауарлары мәртебесіне ие болмайтын тауарларды орналастырғанда кедендік операциялардың шарттарының сақталуына, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, әрекеті аяқталмаған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың есебін, соның ішінде, ақпараттық технологияларды қолданумен жүргізу, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйымдар мен  шектеулердің сақталуына кедендік бақылауды жүргізу, зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау бойынша шараларды қабылдау, тауардың құнын анықтау, КО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды жіктеу, тауарлардың шығу елін анықтаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру, тарифтік реттеу және тарифтік преференцияларды ұсыну шараларын қолдану, кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін бақылау, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеудің дұрыстығына тексеру жүргізу, олардың мемлекеттік бюджетке толық түсуін қамтамасыз етуге қатысу, кедендік бақылау аймағының режимінің сақталуын бақылау, Департаменттің уәкілетті бөлімшелерімен өзара әрекетті қамтамасыз ету, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру, транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзит мерзімдерін бақылау, кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау,жеткізілмеген тауарларды іздестіру, уақытша сақтауға тауарларды орналастыруда  және уақытша сақтау мерзімдеріне бақылауды жүргізу, уақытша сақтауға тауарлардың орналастырылғанын растайтын құжаттарды тіркеу, тауарларды әкету (экспорт, кері экспорт және т.б.) қаралған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың нақты әкетілуін бақылау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдануда бақылау жүргізу, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ақша құралдарын, жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған  тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде бақылауды жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, кеден ісі, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-6 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

ІІ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Мирный көшесі, 5 үй, анықтама телефоны: 8 (71130) 22-1-31, 22-2-32, электрондық мекенжайы: zko_zelenovsk@kgd.gov.kz

1. Салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі № МКБ-7-5/2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Жеке жауапкершілікте болуы. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету. Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауды. Салық бересін талдауды жүргізу және оны азайту шараларын анықтау, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін арттыру бойынша тиімді шараларды қолдану, салық заңнамасымен белгіленген барлық шараларды қолданғаннан кейін «Оңалту және банкроттау туралы» ҚР Заңына сәйкес талап ету жұмыстарын жүргізу, салық заңнамасын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолдану, салықтық зерттеп-қарау жүргізу. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мемлекеттік қызметін уақытылы және сапалы ұсынуға сондай-ақ «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нормаларының талаптарын сақтау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың толтырылуын, ӘІБТ бағдарламасына АЕҚ карточкаларын енгізу, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін жүргізу, өтініштер мен шағымдарға уақтылы жауап беру, салық төлеушілерге хабарламаларды табыс етуді бақылау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, уәкілетті органдарға бақылау жүргізу, жеке тұлғалардың көлік, мүлік, жер салықтары бойынша мәліметтерді РНиОН ақпараттық жүйесіне еңгізу, хабарламалар шығару және жергілікті салықтарды жинау, уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); бизнес, басқару және құқық (салық ісі және/немесе қаржы ісінің экономисті және/немесе - Бухгалтер-ревизор (аудитор) және/немесе экономист-бухгалтер және/немесе экономика (сала бойынша) және/немесе экономист және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу және/немесе бухгалтер және/немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі және/немесе банк операциялары жөніндегі менеджер және/немесе менеджмент және басқару және/немесе менеджмент (қолдану салалары бойынша) және/немесе менеджер және/немесе құқық және/немесе заңгер)

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

Бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі № МКБ-7-4/3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Жеке жауапкершілікте болуы, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кәсіпорындармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс жасау, камералдық бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, уәкілетті органдармен берілетін мәліметтердің уақытында және сапалы берілуін бақылау жасау. Уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасау, Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы жасау, салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін арттыру бойынша тиімді шараларды қолдану, Қазақстан Республикасының «Салық кодексі» бұзған салықтөлеушілерге әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар толтыру, әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміне бағдарламасына ақпараттық есепке алу құжаттарын (1-АВ, 1-АП карточкаларын) енгізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); бизнес, басқару және құқық (салық ісі және/немесе қаржы ісінің экономисті және/немесе - Бухгалтер-ревизор (аудитор) және/немесе экономист-бухгалтер және/немесе экономика (сала бойынша) және/немесе экономист және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу және/немесе бухгалтер және/немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі және/немесе банк операциялары жөніндегі менеджер және/немесе менеджмент және басқару және/немесе менеджмент (қолдану салалары бойынша) және/немесе менеджер және/немесе құқық және/немесе заңгер)

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

Бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

3. Есепке алу, талдау бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі № МКБ-7-3/3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Жеке жауапкершілікте болуы, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кәсіпорындармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық және басқада міндетті төлемдерін толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Салық бересін талдауды жүргізу және оны азайту шараларын анықтау, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін арттыру бойынша тиімді шараларды қолдану, Қазақстан Республикасының «Салық кодексі» Заңының бұзған салық төлеушілерге әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жаза қолдану және оны толтыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету, салық есептіліктері мен өтініштерді қабылдау, ақпараттық жүйеге салық есептіліктерін уақтылы енгізуді бақылау және салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салық сомаларын тарату, салық төлеушілердің дербес шоттарын дұрыс жүргізу, берілген өтініштерге сәйкес салық төлеушілерге дербес шоттардың, салыстыру актілерінің көшірмелерін, Мемлекеттік кірістер басқармасының қорытындысына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару бойынша төлем тапсырмаларын дайындау, салық төлеушілерден келіп түскен бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді дербес шоттар бойынша тарату, салықтар бойынша түсімдерді талдау, қатаң есептілік бланкілері бойынша есеп жүргізу, кеден одағы шеңберіңде есептіліктерді қабылдау және өңдеу, бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттің мүдесін қорғау бағытында сот органдарына талап арыздар дайындау, сот процестеріне қатысу, автоматтандырылған немесе қолмен камералды бақылау хабарламаларын шығару, жіберу, орындаушыларды тағайындау, олардың орындалуын бақылау, орындалмаған жағдайда заң шеңберінде шаралар қолдану.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); бизнес, басқару және құқық (салық ісі және/немесе қаржы ісінің экономисті және/немесе 051802 3 - Бухгалтер-ревизор (аудитор) және/немесе экономист-бухгалтер және/немесе экономика (сала бойынша) және/немесе экономист және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу және/немесе бухгалтер және/немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі және/немесе банк операциялары жөніндегі менеджер және/немесе менеджмент және басқару және/немесе менеджмент (қолдану салалары бойынша) және/немесе менеджер және/немесе құқық және/немесе заңгер).

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

Бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Мирный көшесі 5 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2025 жылдың 17 маусымынан бастап 2025 жылдың 25 маусымын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
17 июня 2025