«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz. 

1. «Әуежай-Орал» кеден бекетінің бас маманы  («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-21/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131  (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарға кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру, кедендік тазалау мен тауарларды декларациялаумен байланысты, соның ішінде,  ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік операцияларды жүргізу, тәуекелді басқару жүйесін  қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, кедендік бақылаудағы тауарларға және олармен жасалатын кедендік операцияларға, соның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданумен есеп жүргізу, Кеден одағының тауарлары мәртебесіне ие болмайтын тауарларды орналастырғанда кедендік операциялардың шарттарының сақталуына, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, әрекеті аяқталмаған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың есебін, соның ішінде, ақпараттық технологияларды қолданумен жүргізу, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйымдар мен  шектеулердің сақталуына кедендік бақылауды жүргізу, зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау бойынша шараларды қабылдау, тауардың құнын анықтау, КО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды жіктеу, тауарлардың шығу елін анықтаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру, тарифтік реттеу және тарифтік преференцияларды ұсыну шараларын қолдану.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, кеден ісі, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:         

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.    

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2025 жылдың 29 мамырынан бастап 2025 жылдың 2 маусымын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
29 мая 2025