І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.
1. ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы («C-О-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-4-1), «C-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 305 232 (min) теңгеден 350 615 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық ету, ЕАЭО халықаралық шарттар базасына сәйкес ЕАЭО-та импорт/экспорт, тауарларды өткізу, жұмыс орындау және қызметтер көрсету кезінде бюджетке ҚҚС толық түсуін қамтамасыз етуді бақылау, импортқа салынатын ҚҚС толық түсуіне бақылауды жүзеге асыру, импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдауды бақылау, түсімдер резервін анықтау және бюджетке импортқа салынатын ҚҚС түсуін ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізу. ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылауды жүзеге асыру, ЕАЭО шеңберінде импортқа салынатын ҚҚС әкімшіленліру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдар және уәкілетті органдармен өзара әрекет ету.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, кеден ісі, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-4 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2025 жылдың 23 мамырынан бастап 2025 жылдың 27 мамырын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.