«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақжайық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Абулхайыр хан, 57 үй, анықтама телефоны: 8 (71136) 91-1-66, 92-1-92, электрондық мекенжайы: zko_akzhaik@kgd.gov.kz

1. Салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-2-2) «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) тенгеден бастап 260 564 (max) тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Салықтық тексерулер мен салықтық бақылауларды жүргізу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай ақ міндетті зейнетақы қоры мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектері бар салық төлеушілерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүзеге асыру, салық төлеушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтыру соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарымен әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемеген жеке және заңды түлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтыру, әкімшілік мәліметтер есебін жүргізуге қатысу, жергілікті бюджетті толықтыру бойынша, қосымша резервтер бойынша іс-шаралар жүргізу, бюжетті орындау жоспарының орындалуы бойынша тиісті шараларды жүргізу. Cалық төлеушілердің  қарсылықтары мен келіспеушіліктері сот істеріне қатысу. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің (жалпыға бірдей белгілінген тәртіп және оңайтылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын, патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын) берілген есептеріне камералдық бақылау жүргізу, анықталған бұзушлықтар бойынша уақытылы хабарлама жіберу және әкімшілік хаттамалар толтыру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкіне ақпараттар енгізу. Cалық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктерге уақытында жіберу. ҚМ МКК Камералдық бақылау жүйесі арқылы камералдық бақылау хабарламаларын жолдау және олардың уақытында орындалуына бақылау жасау, өз құзыреті шегінде әкімшілік іс жасау және жасалған әкімшілік істің  «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» бағдарламасына    карточкаларды уақтында енгізу, СЕӨС АЖ-де сұрауларды өндеу, айыппұлдарды мәжбүрлі өндіріп алу үшін шаралар қолдану.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, мемлекеттік аудит, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару);

бизнес, басқару және құқық (салық ісі, қаржы ісінің экономисті,Бухгалтер-ревизор (аудитор), экономист-бухгалтер, экономика (сала бойынша), экономист, бухгалтерлік іс және салық салу, бухгалтер, қаржы, банк және сақтандыру ісі, банк операциялары жөніндегі менеджер, менеджмент және басқару, менеджмент (қолдану салалары бойынша), менеджер, құқық, заңгер).

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

Бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. 

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Абулхайыр хан көшесі 57 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2025 жылдың 20 мамырынан бастап 2025 жылдың 28 мамырын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
20 мая 2025