«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz. 

1. Кедендік әкімшілендіру басқармасының бас маманы  («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-5/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету және кедендік декларациялаумен, тауарларды кедендік тазалау және шығарумен, кедендік рәсімдерді бақылауды қолдану және ұйымдастырумен байланысты кеден ісі, уәкілетті операторлар, кедендік операциялар жасау саласында қызметтерін жүзеге асыратын тұлғалармен байланысты кедендік бақылау мәселесі бойынша шет мемлекеттердің кеден және басқа да уәкілетті (мемлекеттік) органдарымен, халықаралық ұйымдармен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерімен өзара байланыс орнату. Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен көзделген тәртіпте Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, кеден ісі, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.    

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2025 жылдың 19 мамырынан бастап 2025 жылдың 21 мамырын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
19 мая 2025