«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі № МКД-14/3), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Қызмет көрсету тәртібіне сәйкес аумақтық басқармалардың Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмысын қамтамасыз ету. Тіркелген салық төлеушілерге және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған әрекетсіз салық төлеушілерге қатысты 2-Н есебіне қосымша «Салық есебінде тұрған салық төлеушілер санының есебін» дайындау. Корпоративтік табыс салығы бойынша (100.00, 140.00, 200.00, 220.00) есептіліктердің уақытында табыс етілуіне және салық есептілігін тапсыру мерзімін бұзған не (немесе) хабарламаны орындамаған салық төлеушілерге шаралар қабылдауға талдау жасау және бақылау. Табыс етілген салық есептілік нысандарына форматты-логикалық бақылау және автоматты жүйеде хабарламалар қалыптастыру. Салық төлеушілерді тіркеу, салық төлеушілердің салық есептіліктерінің банктік шоттарының барына және салық органдарында бақылау-касса машиналарының тіркелуі бойынша тіркеу деректерімен сәйкестендіруге қатысты бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі мәселесімен аумақтық басқармалардың жұмыстарына бақылау. Әрекетсіз салық төлеушілерге бақылау, Салық төлеушілердің мемлекеттік базасын жандандыру жұмыстарына жүргізу. Электронды салық төлеуші ретінде тұлғалардың дұрыс және уақытында тіркелуіне, электронды сандық қолтаңбаны жоюға және ауыстыруға бақылау. «Құпия тұтынушы» әдісі арқылы аумақтық басқармаларға жүргізілетін тексеруге қатысу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:         

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.  

2. Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі № МКД-19/3), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Әкімшіні тағайындау және босату (шеттету) жөніндегі жұмыстарға бақылау жүргізу, банкроттық және оңалту рәсімдері кезінде әкімшінің жұмысына бақылау жасау, борышкердің мүлкін (активтер) сату бойынша электрондық сату тәртібінің сақталуына бақылау жасау, банкроттық және оңалту рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау, әкімшінің әрекетіне байланысты түскен шағымдарды қарау, алдын ала және жалған банкроттық белгілерін анықтау, дәрменсіз борышкерлерге жүргізілген мониторингті бақылау. Соттан тыс, сот арқылы банкроттық және ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау. Азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу. Қаржы басқарушыларының қызметіне бақылау жасау. Банкроттық және оңалту, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынас. Сот органдарында Департамент мүддедерін қорғау. Борышкерлерге, әкімшілерге және қаржы басқарушыларына әкімшілік өндіріп алу шараларын алу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:         

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

3. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің А.А.Утешованың бала күту демалысы кезеңіне, 02.05.2027 ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі № МКД-15-1/1), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдісін білу, шаруашылық субъектілеріне қосылған құн салығы бойынша тексерулер жүргізу, қосылған құн салығы бойынша салық заңдарының талаптарын сақтау, қайтаруға берілген ҚҚС сомасының дұрыстығына тақырыптық тексеру жүргізу, салық төлеушілермен жұмыс жасау. БҚО бойынша Экономикалық тергеу қызметі департаментіне құқықтық баға беру және іс жүргізу шешімін шығару үшін материалдар беру. Жүргізілген тексерулер бойынша қосымша есептелген ҚҚС сомасының, өсімпұлдардың және әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін бақылау. Салық төлеушінің талаптары бойынша уақтылы және сапалы салықтық тексеру жүргізу.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚбК) 269, 275 баптарына сай бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерге бақылау жүргізу, қадағалау, салық төлеушілердің шағымдарын қарастыру, салық төлеушілердің тексеру актілері, әкімшілік бұзушылық туралы қаулылары бойынша сотқа шағымдануына байланысты сот отырыстарына қатысу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:         

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2025 жылдың 6 мамырынан бастап 2025 жылдың 12 мамырын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
06 мая 2025