«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: u.muldakhanova@kgd.gov.kz

1.Салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-7-2/2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00,240.00, 910.00,913.00,920.00, 871.00,100.00 және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес. Бөлім бойынша біріктіру және есеп ұсыну және қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесін орындау.Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілеттік берілген соттарға, органға, лауазымды адамға уақтылы жолдану.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

2. Заң бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-3-2/2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Құзыреті жоғары органға берілетін ақпараттардың уақытында және белгіленген мерзіміне сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Салық заңдылығына сәйкес келіп түскен хаттарға жауап дайындайды. Сот процесстеріне қатысып мемлекеттік кірістер басқармасының  шешімдерін, тексеру нәтижелерінің заңға сәйкестігін қорғайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысында қолданылатын құжаттардың салық заңдылығына сәйкес екендігін растап отырады. Қазақтан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айып-пұл салу үшін қаралатын құжаттардың заңға сәйкестігін растайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының шешімдерінің, тексеру нәтижелерінің заңға сәйкестігін, және басқа да мемлекеттік  атқару органдарымен жұмыс жасауларын, олардың іс-әрекетерінің заңға сәйкес екендігін растайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының тексеру нәтижесінде заңға сәйкес келмеген, немесе наразылық, заңсыздықты жою туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарап оларға наразылық шешімін тағайындайды. Әкімшілік іс жүргізулердің біріңғай тізілімін жүргізу қағидасына сәйкес ақпараттық есепке алу құжаттарын еңгізу қызметкерлерге әдістемелік нұсқамалар беруді жүргізеді.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық: (құқық).

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

3. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-9-2/12), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Пошта жөнелтілімдері туралы хабарламаларды қабылдау –беру журналын (хаттарды тапсыру, қайтару туралы түбіртектерді) жүргізу. 1 жұмыс күні ішінде жауапты тұлғаға тапсыру. Салық кодексінің 435,436-баптарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ҚҚС қайтаруды пысықта.   Қосылған құн салығын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың банктік шотына қайтару. Тізімге сәйкес 105101 коды бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау. Негізсіз асырып жіберу фактілері анықталған жағдайда салық заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Қоныс аударатын салық төлеушілер бойынша 105101, 105104 кодтары бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Камералдық бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің Г.Кельмаеваның бала күту демалысы кезеңіне, 16.01.2026ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-6-2/12), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Тапсырылған декларациялар мен есеп айырысуларға тұрақты түрде камералды бақылау жасайды, егер салық есептілігінде мәліметтер арасында алшақтық және қайшылықтар анықталып жатса, салық төлеушіге камералды бақылау нәтижесі туралы хабарлама жібереді. Егер хабарламаға түсініктеме түрінде немесе СЕН тапсырмаса, жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдарды Аудит басқармасына жібереді; ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды. хаттамалық тапсырмаларға сәйкес хабарламаларды заң бөлімімен келісе отырып (н.1-АП карточкасы) шығару және ақпараттық есеп құжаттарына енгізу, ҚР ӘҚБтК-ке сәйкес айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны беру күнін,  айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулының орындалу күнін,  мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібімен өндірілген айыппұл мөлшерін  «АРМ ЕУСС» ДҚ-да  толтыру. Қайтып келген хат-хабарлардың негізінде қызметін жүзеге асырушы (ЗТ, ЖК) СТ-дің, сондай-ақ қажет болған жағдайда  салық заңнамаларына сәйкес тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша ҚҚС төлеуші болып табылатын  СТ-нің нақты орналасқан жерін немесе болмауын растау үшін,  СТ-нің мекенжайына салықтық зерттеу жүргізу. Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД-нің, ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттарының және тапсырмаларының мерзімінде және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

5. Персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі  қызметкердің Д.Қасқарауованың  бала күту демалысы кезеңіне, 01.03.2026ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-2-2/1), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдістерін игеру, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің сақталуына бақылау жүргізу. Қызметтік тексеру жүргізу, басқарма қызметкерлерінің уақытылы біліктілік арттыру, қайта даярлау курстарынан өтуін ұйымдастыру, бос лауазымды орынға конкурс өткізу,  мемлекеттік қызметшілерді бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жеке құрам бойынша, демалыстар және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар дайындау. Е-Минфин,Е-қызмет ақпараттық жүйесінде жұмысты жүргізу. Қызметкерлердің ҚР Этикалық кодексін, қызмет этикасын сақтауына және ішкі еңбек тәртібін сақталуына бақылау жасау, жұмыс уақыты табелін жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

6. Салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-7-2/5), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00,240.00, 910.00,913.00,920.00, 871.00,100.00 және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес. Бөлім бойынша біріктіру және есеп ұсыну және қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесін орындау.Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілеттік берілген соттарға, органға, лауазымды адамға уақтылы жолдану.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2025 жылдың 28 наурызынан бастап 2025 жылдың 1 сәуірін қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
28 марта 2025