I.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі , 12 үй, анықтама телефоны: (871145) 31-4-90, 31-806 электрондық мекенжайы: zh.ergaliev@kgd.gov.kz
1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-9-2/5 ) «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) тенгеден бастап 224 624 (max) тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, камералды бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар дайындау. Өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша әкімшілендіру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың толтырылуын, ӘІЖБТ бағдарламасына Ф1-АП, АВ карточкаларының уақытыл енгізу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Басқарма тарапына келген ақпараттар, тапсырмалар, есептердің уақытында және сапалы беруге жауапты болады. Өзіне бекітілген қызметтік міндеттері бойынша актуалды сұрақтарды әлеуметтік желілерге орналастыру, БАҚ жариялануына бақылау жасау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2025 жылдың 19 наурызынан бастап 2025 жылдың 1 сәуірін қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.