«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 50-94-85, факс 8 (7112) 50-94-85, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz. 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-14/1), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Қызмет көрсету тәртібіне сәйкес аумақтық басқармалардың Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмысын қамтамасыз ету. Тіркелген салық төлеушілерге және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған әрекетсіз салық төлеушілерге қатысты 2-Н есебіне қосымша «Салық есебінде тұрған салық төлеушілер санының есебін» дайындау. Корпоративтік табыс салығы бойынша (100.00, 140.00, 200.00, 220.00) есептіліктердің уақытында табыс етілуіне және салық есептілігін тапсыру мерзімін бұзған не (немесе) хабарламаны орындамаған салық төлеушілерге шаралар қабылдауға талдау жасау және бақылау. Табыс етілген салық есептілік нысандарына форматты-логикалық бақылау және автоматты жүйеде хабарламалар қалыптастыру. Салық төлеушілерді тіркеу, салық төлеушілердің салық есептіліктерінің банктік шоттарының барына және салық органдарында бақылау-касса машиналарының тіркелуі бойынша тіркеу деректерімен сәйкестендіруге қатысты бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі мәселесімен аумақтық басқармалардың жұмыстарына бақылау. Әрекетсіз салық төлеушілерге бақылау, Салық төлеушілердің мемлекеттік базасын жандандыру жұмыстарына жүргізу. Электронды салық төлеуші ретінде тұлғалардың дұрыс және уақытында тіркелуіне, электронды сандық қолтаңбаны жоюға және ауыстыруға бақылау. «Құпия тұтынушы» әдісі арқылы аумақтық басқармаларға жүргізілетін тексеруге қатысу. Бекітілген Стандарттарға сәйкес аумақтық басқармалардың мемлекеттік қызмет сапасы мониторингін жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бизнес-қауымдастықтармен өзара іс-қимыл. Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар бойынша ақша қаражатының толық және уақтылы аударылуына бақылау. Қазынашылық комитетімен деректерді салыстыруды бақылау (нысан 2-41,2-43). Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдарды төлеу бойынша жеке шоттарды жүргізуге бақылау, сыртқы экономикалық одаққа қатысушылармен салыстыру жүргізуге бақылау. Сыртқы экономикалық одаққа қатысушыларды ақпараттандыру және кеңес беру. Артық/қате төленген кеден төлемдері мен салық сомаларын есепке жатқызу немесе қайтаруға бақылау, ресімдеу және растау. Анықталмаған төлемдерді уақтылы өңдеуге, салық төлеушілердің жеке шоттарын уақтылы беруге бақылау. 107109 БСК бойынша есепке жатқызуды және уәкілетті органдардың қорытындылары бойынша қайтаруға бақылау. Есепке жатқызу/қайтару және 107109 бюджеттік сыныптама кодына түсімдердің дұрыс өңделуі бойынша салықтық өтініштердің уақтылы орындалуына бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Құзыреттер бойынша талаптар:        

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.              

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5  санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап 2025 жылдың 18 ақпанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
14 февраля 2025