І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Мирный көшесі, 5 үй, анықтама телефоны: 8 (71130) 22-1-31, 22-2-32, электрондық мекенжайы: zko_zelenovsk@kgd.gov.kz
1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі № МКБ-7-4/2). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты «С-R-4» санаты үшін 226 837 (min) теңгеден бастап 260 564 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жеке жауапкершілікте болуы, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кәсіпорындармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс жасау, камералдық бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, уәкілетті органдармен берілетін мәліметтердің уақытында және сапалы берілуін бақылау жасау. уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасау, Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы жасау, салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін арттыру бойынша тиімді шараларды қолдану, Қазақстан Республикасының «Салық кодексі» бұзған салық төлеушілерге әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар толтыру, ЕРАП бағдарламасына ақпараттық есепке алу құжаттарын (1-АВ, 1-АП карточкаларын) енгізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); бизнес, басқару және құқық (салық ісі және/немесе қаржы ісінің экономисті және/немесе - бухгалтер-ревизор (аудитор) және/немесе экономист-бухгалтер және/немесе экономика (сала бойынша) және/немесе экономист және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу және/немесе бухгалтер және/немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі және/немесе банк операциялары жөніндегі менеджер және/немесе менеджмент және басқару және/немесе менеджмент (қолдану салалары бойынша) және/немесе менеджер және/немесе құқық және/немесе заңгер).
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Мирный көшесі 5 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2025 жылдың 06 ақпанынан бастап 2025 жылдың 14 ақпанын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.