І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz
1. Камералдық мониторинг басқармасының №1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-13-1/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Тіркелуі/қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың контрагенттері бойынша хабарламаларды уақтылы өңдеу. Сенімсіз салық төлеушілерін анықтауды, залал сомасы 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын контрагенттер бойынша материалдарды Экономикалық тергеу департаментіне беруді бақылау. Салық заңнамасы талаптарын сақтау мәселесі бойынша көшіп келген салық төлеушілерге бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде ақшалай қаражат алған салық төлеушілерге бақылау, талдау және мониторинг жүргізу, мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілерді қазынашылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, жеке табыс салығы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің камералдық бақылау хабарламаларын өңдеу. Салықтық тексеру тағайындау үшін орындалмаған хабарламалар бойынша материалдардың аудит басқармасына берілуін бақылау. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтары үшін арнаулы салық режимін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер және ауылшаруашылық кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді әкімшілендіру. Кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілендіру жұмыстарын бақылау. Жер қойнауын пайдаланушылар мен резиденттер еместерге салық салуды әкімшілендіру.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
ІІ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090012, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Лукпан Клышев көшесі, 87А үй, анықтама телефоны: (871137)33-110, электрондық мекенжайы: s.zatynaichenko@kgd.gov.kz
1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-13-2/3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету. Салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындау. Жоғары тұрған орган мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау, салықтық тексерулер, уәкілетті органдармен жұмыс, жеке және заңды тұлғалардың есебін жүргізу, есепке алу, ақпараттық басқару жүйелерінің жұмысы. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, салық есептілігі мен өтініштерді қабылдау, салық төлеушінің жеке шоттарының дұрыс жүргізілуін бақылау, салықтар мен төлемдердің, кедендік төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуі. Жергілікті салықтарды (мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы) есепке алу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар дайындау. Салық заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджемент, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық ғылымдар және технологиялар: ақпараттық жүйелер немесе құқық: құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Лукпан Клышев көшесі 87А үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2024 жылдың 5 қарашасынан бастап 2024 жылдың 13 қарашасын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.