I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz
1. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы («C-О-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-15-2), «C-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 305 232 (min) теңгеден 350 615 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына басшылық жасау, акцизделетін өнімдерге байланысты салық міндеттемелерін орындау мәселелеріне қатысты шаруашылық субъектілеріне құжаттық тексеру және хронометраждық зерттеу жүргізу кестесін және басқарма жұмысының жоспарын дайындау, облыс бойынша акцизделетін өнімдердің қозғалысына бақылауды жүзеге асыру, бөлім қызметкерлерімен жүргізілген тексерулерге бақылау жасау, акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын есепке алуды қамтамасыз ету, салық заңнамаларының сақталуына бақылау жасауды күшейту мақсатында құқық қорғау, қаржы және өзге де органдармен бірлесе отырып, ұсыныстар дайындау. Қосылған құн салығы бойынша әкімшілендіру, заңнамалардың сақталуы мен әдістемесі бойынша бөлім қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру. ҚҚС бойынша салық салу бағытындағы салық заңнамалырын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру, өзекті мәселелердің шешу жолдарын табу, ҚҚС төлеушілер электрондық шот-фактураларына бақылау. 300.00 нысанды салық декларациясы бойынша өткізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша айналымның азаюына өткен кезеңдермен салыстыра отырып, талдау жасау. Бөлім қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауларына бақылау жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің, сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу. Азаматтармен жұмыс жасау.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚбК) 269, 275 баптарына сай бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерге бақылау жүргізу, қадағалау, салық төлеушілердің шағымдарын қарастыру, салық төлеушілердің тексеру актілері, әкімшілік бұзушылық туралы қаулылары бойынша сотқа шағымдануына байланысты сот отырыстарына қатысу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық.
Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-4 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 12 қыркүйегін қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.