I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz
1.Казталов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы («C-R-1» санаты, 1 бірлік), «C-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 354069 (min) теңгеден 406714 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, Мемлекеттік кірістер басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуы мен функцияларының жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік кірістер органдарының стратегиялық дамуындағы салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес қызметке тағайындау және қызметтен босату, Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау-эокномикалық жұмыстарын жоспарлау, болжам көрсеткіштерінің орындалуына, салықтар мен басқа да бюджет төлемдерінің қарыздарын өндіріп алуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне қажетті әдістемелік-кеңестік көмек көрсету, Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу, қызмет бабын теріс пайдалануды ескерту, сыбайлас жемқорлықты жою шараларын қарастыру.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
2.Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Д.Бактыгулованың бала күту демалысы кезеңінде, 19.08.2026ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-15-1/1), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдісін білу, шаруашылық субъектілеріне қосылған құн салығы бойынша тексерулер жүргізу, қосылған құн салығы бойынша салық заңдарының талаптарын сақтау, қайтаруға берілген ҚҚС сомасының дұрыстығына тақырыптық тексеру жүргізу, салық төлеушілермен жұмыс жасау. БҚО бойынша Экономикалық тергеу қызметі департаментіне құқықтық баға беру және іс жүргізу шешімін шығару үшін материалдар беру. Жүргізілген тексерулер бойынша қосымша есептелген ҚҚС сомасының, өсімпұлдардың және әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін бақылау. Салық төлеушінің талаптары бойынша уақтылы және сапалы салықтық тексеру жүргізу.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚбК) 269, 275 баптарына сай бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерге бақылау жүргізу, қадағалау, салық төлеушілердің шағымдарын қарастыру, салық төлеушілердің тексеру актілері, әкімшілік бұзушылық туралы қаулылары бойынша сотқа шағымдануына байланысты сот отырыстарына қатысу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, құқық, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3.Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-10/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау анықтамаларын дайындау, салық және басқа да міндетті төлемдер, кедендік төлемдер түсімін талдауға бақылауды жүзеге асыру, салық және басқа да міндетті төлемдер түсімінің динамикасын талдауға, артық төлемді талдауға бақылауды жүзеге асыру, салық әкімшілендіруді талдауды жүзеге асыру, салық әкімшілендірудің тиімділігіне талдау жұмыстарын жүргізуді бақылау, салық әкімшілендіруді жақсарту бойынша ұсыныстар енізу, табыстарды төмендетуді анықтау мақсатында салық төлеушілердің қызметіне талдау жасауды бақылау, табыстартарды түсірудің қосымша көздерін анықтау және заңнама бұзушылығы фактілерін болдырмауды бақылау. Аудандар бойынша салықтар мен төлемдердің салық салу базасын ҚР ТСАЖ, тапсырылған СЕН сәйкес талдау, ағымдағы және келешектегі жоспарлау бойынша есептеулер құрастыру, өзге экономика кәсіпорындары бойынша экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, бюджеттер шегінде салық және басқа да міндетті төлемдер, кедендік төлемдер түсімін талдау, салық және басқа да міндетті төлемдер түсімінің динамикасын талдау, артық төлемді талдау, әкімшілендіру нәтижелерін талдау және аудандар шегінде жоспарлар жасағанда оларды қолдану. Салық әкімшілендіруді талдауды жүзеге асыру, салық әкімшілендірудің тиімділігіне талдау жұмыстарын жүргізу, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша салық әкімшілендіруді жақсарту бойынша ұсыныстар енізу, табыстарды төмендетуді анықтау мақсатында салық төлеушілердің қызметіне талдауды жүзеге асыру, табыстартарды түсірудің қосымша көздерін анықтау және заңнама бұзушылығы фактілерін болдырмау, ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдістерін игеру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау және есептілік ақпараттарды жинау және қорытындылау, кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға мониторинг жүргізу, СЭҚ қатысушыларының сыртқы экономикалық қызметінің мониторингін жүргізу, кеден бекеттері бойынша кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға мониторинг жүргізу. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды үйлестіру шеңберінде кедендік бақылау нысандарын жүргізуге катысу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5, С-R-1 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
II. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz
1.Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-9-2/9), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Пошта жөнелтілімдері туралы хабарламаларды қабылдау –беру журналын (хаттарды тапсыру, қайтару туралы түбіртектерді) жүргізу. 1 жұмыс күні ішінде жауапты тұлғаға тапсыру. Салық кодексінің 435,436-баптарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ҚҚС қайтаруды пысықта. Қосылған құн салығын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың банктік шотына қайтару. Тізімге сәйкес 105101 коды бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау. Негізсіз асырып жіберу фактілері анықталған жағдайда салық заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Қоныс аударатын салық төлеушілер бойынша 105101, 105104 кодтары бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2.Өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-5-3/2), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешімді салық төлеушінің қолына береді. Заңнамаға сәйкес салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешім негізінде уәкілетті органдарда ауыртпалықтар салады. Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде және тәртіпте мүлікке иелік етуді шектеу тізімдемесінің актісін жасайды. Уәкілетті органдарда тіркелмеген мүлікті анықтайды. Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің қолданылу мерзімінде мүлікті, ақша қаражатының қозғалысын анықтау мақсатында салық төлеушінің берген есептіліктеріне талдау жасайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым жасаған кезде Салық кодексімен белгіленген мерзімге және тәртіпке сәйкес салық төлеушінің мүлікке иелік етуге шектеу жасау(шектеу туралы шешім шығару, ауыртпалық салу, тізімдеме актісін жасау). «КРУА» АҚ-мен шектелген мүлікті қабылдау –тапсыру актісіне қол қою, сондай-ақ борышкер қол қоюдан бас тартқан немесе келмеген жағдайда мүлікті сатып алу-сату шартына қол қою. Салықтық берешек есебіне салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке иелік етуін шектеуді іске асыру қағидаларына сәйкес бірлескен бақылау шараларын қабылдау үшін электрондық аукцион әкімшілігімен өзара әрекет жасау. Салық төлеушінің салықтық берешегі есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қайта жасалған шешім бойынша БСАЖ-да күн сайын түгендеу жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-4, C-R-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
III.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі , 12 үй, анықтама телефоны: (871145) 31-4-90, 31-806 электрондық мекенжайы: zh.ergaliev@kgd.gov.kz
1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-9-2/5 ) «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) тенгеден бастап 224 624 (max) тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, камералды бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар дайындау. Өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша әкімшілендіру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың толтырылуын, ӘІЖБТ бағдарламасына Ф1-АП, АВ карточкаларының уақытыл енгізу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Басқарма тарапына келген ақпараттар, тапсырмалар, есептердің уақытында және сапалы беруге жауапты болады. Өзіне бекітілген қызметтік міндеттері бойынша актуалды сұрақтарды әлеуметтік желілерге орналастыру, БАҚ жариялануына бақылау жасау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғарифолла Құрманғалиев көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2024 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 11 қыркүйегін қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.