«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.

1. Берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-16-3), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық берешектерін өндіріп алу шараларын жүргізуде өзге де мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау, төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Салық берешектерін өндіру мәселесі бойынша қажетті мәліметтерді, есептіліктерді дайындау, талдау, сараптамалық жұмыс әдістері мен түрлерін білу, сот органдарында Департаменттің мүддесін қорғау, кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды өндіру жұмыстарын ұйымдастыру және кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіру бойынша шараларын жүргізуді жүзеге асыру. Азаматтармен жұмыс жасау. Дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша шаралардың уақтылы қабылдануын бақылау, борышкерлерден және инкассалық өкімдерден өндіріп алу критерийлері көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізуді бақылау. «Банкрот деп танылған» мәртебелердің ҚР БСАЖ-да бекітілуіене бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 277-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартудың уақтылығын бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық.

Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Д.Бактыгулованың бала күту демалысы кезеңіне, 19.08.2026ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-15-1/1), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдісін білу, шаруашылық субъектілеріне қосылған құн салығы бойынша тексерулер жүргізу, қосылған құн салығы бойынша салық заңдарының талаптарын сақтау, қайтаруға берілген ҚҚС сомасының дұрыстығына тақырыптық тексеру жүргізу, салық төлеушілермен жұмыс жасау. БҚО бойынша Экономикалық тергеу қызметі департаментіне құқықтық баға беру және іс жүргізу шешімін шығару үшін материалдар беру. Жүргізілген тексерулер бойынша қосымша есептелген ҚҚС сомасының, өсімпұлдардың және әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін бақылау. Салық төлеушінің талаптары бойынша уақтылы және сапалы салықтық тексеру жүргізу.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚбК) 269, 275 баптарына сай бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерге бақылау жүргізу, қадағалау, салық төлеушілердің шағымдарын қарастыру, салық төлеушілердің тексеру актілері, әкімшілік бұзушылық туралы қаулылары бойынша сотқа шағымдануына байланысты сот отырыстарына қатысу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, құқық, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Казталов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы («C-R-1» санаты,  1 бірлік), «C-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 354069 (min) теңгеден 406714 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер  басқармасының жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, Мемлекеттік кірістер  басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуы мен  функцияларының жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік кірістер органдарының стратегиялық дамуындағы  салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес қызметке тағайындау және қызметтен босату, Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау-эокномикалық жұмыстарын жоспарлау, болжам көрсеткіштерінің орындалуына, салықтар мен басқа да бюджет төлемдерінің қарыздарын өндіріп алуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, Мемлекеттік кірістер  басқармасының қызметкерлеріне қажетті әдістемелік-кеңестік көмек көрсету, Мемлекеттік кірістер  басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу, қызмет бабын теріс пайдалануды ескерту, сыбайлас жемқорлықты жою шараларын қарастыру.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

4. Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары («C-R-2» санаты,  1 бірлік), «C-R-2» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 305 232 (min) теңгеден 350 615 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Тиісті Мемлекеттік кірістер басқармасының құзіреттілігі шегінде, Мемлекеттік кірістер басқармасының өзі жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің қызметіне басшылық жасау және оның жұмысын үйлестіру, мемлекеттік билік органдары және басқа да ұйымдар алдында оның атынан жауап беру, салық заңдарының және салықтық емес түсімдердің түсімін қарастыратын өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен салықтық емес төлемдердің түсімін, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының аударылымын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік кірістер органының салық есебіндегі салық төлеушілердің белгіленген тәртіптегі мониторингісіне салықтық бақылау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5, C-R-1, C-R-2 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

II. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz

1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-9-2/9), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Пошта жөнелтілімдері туралы хабарламаларды қабылдау –беру журналын (хаттарды тапсыру, қайтару туралы түбіртектерді) жүргізу. 1 жұмыс күні ішінде жауапты тұлғаға тапсыру. Салық кодексінің 435,436-баптарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ҚҚС қайтаруды пысықта.   Қосылған құн салығын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың банктік шотына қайтару. Тізімге сәйкес 105101 коды бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау. Негізсіз асырып жіберу фактілері анықталған жағдайда салық заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Қоныс аударатын салық төлеушілер бойынша 105101, 105104 кодтары бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1  үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2024 жылдың 16 тамызынан бастап 2024 жылдың 20 тамызын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
16 августа 2024