"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: kaskarauova@kgd.gov.kz .

  1. Заң бөлімінің бас маманы, («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-32/2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) тенгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Құзыреті жоғары органға берілетін ақпараттардың уақытында және белгіленген мерзіміне сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Салық заңдылығына сәйкес келіп түскен хаттарға жауап дайындайды. Сот процесстеріне қатысып мемлекеттік кірістер басқармасының  шешімдерін, тексеру нәтижелерінің заңға сәйкестігін қорғайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысында қолданылатын құжаттардың салық заңдылығына сәйкес екендігін растап отырады. Қазақтан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айып-пұл салу үшін қаралатын құжаттардың заңға сәйкестігін растайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының шешімдерінің, тексеру нәтижелерінің заңға сәйкестігін, және басқа да мемлекеттік  атқару органдарымен жұмыс жасауларын, олардың іс-әрекетерінің заңға сәйкес екендігін растайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының тексеру нәтижесінде заңға сәйкес келмеген, немесе наразылық, заңсыздықты жою туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарап оларға наразылық шешімін тағайындайды. Әкімшілік іс жүргізулердің біріңғай тізілімін жүргізу қағидасына сәйкес ақпараттық есепке алу құжаттарын еңгізу қызметкерлерге әдістемелік нұсқамалар беруді жүргізеді.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 2. Өндіріп алу бөлімінің басшысы, («C-R-3» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-5-1), «C-R-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212 061 (min) теңгеден 260 615 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру.

Салық міндеттемесін орындату әдісі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және салық төлеушілерден мәжбүрлеп өндіріп алу, толық және уақытылы міндетті зейнетақы қорларын, әлеуметтік аударымдардың есептеліп, ұсталуына бақылау жасау. Салық берешегіне талдау және оны азайту шараларын анықтау, барлық шараларды қолданғаннан соң ҚР «Банкрот және оңалту туралы» Заңына, салық заңдылығына сәйкес талап жұмыстарын жүргізу, салық заңдылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Салық заңнамасы бойынша белгіліенген тәртіп және мезгелі бойынша мүлік тізімдемесі актісін жасайды. Өкілетті органдарда тіркелмеген мүліктін тізімін анықтайды.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 3. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-9-3/2), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

             Функционалдық міндеттері:

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерден қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларында әкелінген тауарлар бойынша 328.00 нысанын қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыру. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді қабылдау кезінде 105115 коды бойынша салықтардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы ұсынылған өтініштердің жасалу сапасына оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (ЕАЭО елдерінің салық органдарына беру үшін маманның міндетті белгісімен немесе осы белгіні қоюдан дәлелді бас тартумен) тексеруді жүзеге асыру. 328.00 нысаны бойынша форматты-логикалық бақылау, қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларындағы мәртебелерді бақылау. ҚР ӘҚБтК-нің 272, 288, 287, 571, 571-1-баптары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде белгіленген тәртіппен ақпан, сәуір, маусым, тамыз, қазан, желтоқсан айларына әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: құқықтану, құқық, кеден ісі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 4. Өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-5-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

         Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешімді салық төлеушінің қолына береді. Заңнамаға сәйкес салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешім негізінде уәкілетті органдарда ауыртпалықтар салады. Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде және тәртіпте мүлікке иелік етуді шектеу тізімдемесінің актісін жасайды. Уәкілетті органдарда тіркелмеген мүлікті анықтайды. Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің қолданылу мерзімінде мүлікті, ақша қаражатының қозғалысын анықтау мақсатында салық төлеушінің берген есептіліктеріне талдау жасайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым жасаған кезде Салық кодексімен белгіленген мерзімге және тәртіпке сәйкес салық төлеушінің мүлікке иелік етуге шектеу жасау(шектеу туралы шешім шығару, ауыртпалық салу, тізімдеме актісін жасау). «КРУА» АҚ-мен шектелген мүлікті қабылдау –тапсыру актісіне қол қою, сондай-ақ борышкер қол қоюдан бас тартқан немесе келмеген жағдайда мүлікті сатып алу-сату шартына қол қою. Салықтық берешек есебіне салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке иелік етуін шектеуді іске асыру қағидаларына сәйкес бірлескен бақылау шараларын қабылдау үшін электрондық аукцион әкімшілігімен өзара әрекет жасау. Салық төлеушінің салықтық берешегі есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қайта жасалған шешім бойынша БСАЖ-да күн сайын түгендеу жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-5, С-R-4, С-R-3  санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2024 жылдың 05 тамызынан бастап 2024 жылдың 13 тамызын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
05 августа 2024