I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.
1. «Әуежай-Орал» кеден бекетінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-21/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарға кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру, кедендік тазалау мен тауарларды декларациялаумен байланысты, соның ішінде, ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік операцияларды жүргізу, тәуекелді басқару жүйесін қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, кедендік бақылаудағы тауарларға және олармен жасалатын кедендік операцияларға, соның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданумен есеп жүргізу, Кеден одағының тауарлары мәртебесіне ие болмайтын тауарларды орналастырғанда кедендік операциялардың шарттарының сақталуына, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, әрекеті аяқталмаған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың есебін, соның ішінде, ақпараттық технологияларды қолданумен жүргізу, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйымдар мен шектеулердің сақталуына кедендік бақылауды жүргізу, зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау бойынша шараларды қабылдау, тауардың құнын анықтау, КО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды жіктеу, тауарлардың шығу елін анықтаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру, тарифтік реттеу және тарифтік преференцияларды ұсыну шараларын қолдану, кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін бақылау, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеудің дұрыстығына тексеру жүргізу, олардың мемлекеттік бюджетке толық түсуін қамтамасыз етуге қатысу, кедендік бақылау аймағының режимінің сақталуын бақылау, Департаменттің уәкілетті бөлімшелерімен өзара әрекетті қамтамасыз ету, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру, транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзит мерзімдерін бақылау, кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау,жеткізілмеген тауарларды іздестіру, уақытша сақтауға тауарларды орналастыруда және уақытша сақтау мерзімдеріне бақылауды жүргізу, уақытша сақтауға тауарлардың орналастырылғанын растайтын құжаттарды тіркеу, тауарларды әкету (экспорт, кері экспорт және т.б.) қаралған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың нақты әкетілуін бақылау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдануда бақылау жүргізу, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ақша құралдарын, жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде бақылауды жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2024 жылдың 16 шілдесінен бастап 2024 жылдың 18 шілдесін қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.