I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz
1.Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы («C-О-3» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-9), «C-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 354 069 (min) теңгеден 406 714 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау, басқармаға жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалау, бөлінген ақша қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау, жасалатын қаржы операцияларының дұрыс рәсімделуіне, заңдылығына бақылау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасының дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алулар бағытында жасалатын жұмыстардың ұйымдастырылуын қадағалау, негізгі құралдардың, арзан бағалы тез тозғыш заттардың жағдайын және сақталуын, әкімшілік ғимараттың инженерлік-техникалық жай-күйін бақылау, алдағы жылдарға бюджеттік өтінімнің жасалуына бақылау жасау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жүргізілетін кешенді тексерулер жоспарын жасау, алқа мәжілістерін өткізуді ұйымдастыру. Жоғары тұрған органға ақпараттар мен есептердің уақтылы және сапалы берілуін қамтамасыз ету, алқа мәжілістеріне материалдар дайындау, жиналыстар мен алқа мәжілістерінің хаттамасын жасау, Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын жинақтау, келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасау, жоғары тұрған органның, департамент басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-3 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2024 жылдың 17 маусымынан бастап 2024 жылдың 19 маусымын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.