«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz.   

1. Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің Ж.Тастенованың бала күту демалысы кезеңіне, 24.08.2024ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-19/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Әкімшіні тағайындау және босату (шеттету) жөніндегі жұмыстарға бақылау жүргізу, банкроттық және оңалту рәсімдері кезінде әкімшінің жұмысына бақылау жасау, борышкердің мүлкін (активтер) сату бойынша электрондық сату тәртібінің сақталуына бақылау жасау, банкроттық және оңалту рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау, әкімшінің әрекетіне байланысты түскен шағымдарды қарау, алдын ала және жалған банкроттық белгілерін анықтау, дәрменсіз борышкерлерге жүргізілген мониторингті бақылау. Соттан тыс, сот арқылы банкроттық және ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау. Азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:        

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің А.Утегенованың бала күту демалысы кезеңіне, 24.10.2024ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-9/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Тиісті үш жылдық қаржы кезеңіне бюджеттік өтінім, сонымен қатар ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау жөніндегі бюджеттік өтінімді қабылдау. Департаменттің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын дайындау, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсына отырып, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу. Бюджеттік бағдарламаның уақтылы және толық қаржыландырылуын қамтамасыз ету. Департаментті ұстауға бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұстауға арналған бюджеттік бағдарламаның орындалу барысын қадағалау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы,  құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:        

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. ЕАЭС шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-4-2/3), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген  және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу,  ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы  қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім– Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер. 

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5,С-О-6 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2024 жылдың 20 мамырынан бастап 2024 жылдың 28 мамырын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
20 мая 2024