«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көш, 1 үй, анықтама үшін телефон  8(71133) 52-8-85, электрондық мекенжайы: zko_burlin@kgd.gov.kz.

1. Өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы, (C-R-5 санаты, 1 бірлік, №МКБ-4-5-5), C-R-5 санаты үшiн лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 (min) тенгеден бастап 224 624 (max) тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесінің орындауына салықтық бақылау жүргізу, уәкілетті органдардың және мемлекеттік мекемелердің салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді есепке алумен байланысты міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Өндірістік емес төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселесімен жоспарлы тақырыптық тексерулерді жүргізу, тексеру актілерінде көрсетілген бұзушылықтардың жойылуына және қосымша есептелген сомалардың уақытында бюджетке түсуіне бақылау жасау. Салық төлеушілер арасында  салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық, дұрыс және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру. 2-Н есебін дайындау, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Есепке алу, талдау бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің Д.М.Искакованың бала күту демалысы кезеңіне, 09.11.2025 ж дейін), (C-R-5 санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-4-5/4). «С-R-5» санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) тенгеден бастап 224 624 (max) тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Басшылыққа қол қоюға берілген құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, Мемлекеттік кірістер  басқармасы қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сот органдарындағы дауларды қарау тәжірибесін қорытындылау және талдау, әкімшілік тәжірибе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларға қатысты арыздарды қарау, талап-арыз жұмысы бойынша сот органдарына жолдау үшін материалдар дайындау, қызметкерлерге, салық төлеушілерге құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, түсіндіру, басқарманың әкімшілік істері бойынша жұмысты бақылау. Хаттамалар мен қаулылыардың сапалы толтырылуын тексеру, есептер жасау. 1-АП нысанды карточкалармен жұмыс жасау,  салық төлеушілердің салықтық тексеру актісіне қатысты арызын қарау кезінде жоғары тұрған органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін уақытша тоқтатылған арызданған хабарламаға бақылау жасау, басқарма қызметкерлеріне, салық төлеушілерге құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер, жауаптар дайындау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Есепке алу, талдау бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексік №МКБ-4-6-3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлімдерде іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуіне бақылау жасау. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету. «Е-Минфин» АЖ-нің «Кадрлық басқару» кіші жүйесі, «Құжатайналымы» бағдарламасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.  Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін сақтауына бақылау жасау. Сенім телефоны жұмысын ұйымдастыру, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін, қызметтік этиканы сақтауына бақылау жасау. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.     

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

Құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-4; С-R-5 санаты бойынша БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көш, 1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2024 жылдың 19 сәуірінен бастап 2024 жылдың 29 сәуірін қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
19 апреля 2024