I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090302, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көш, 1 үй, анықтама үшін телефон 8(71133) 52-8-85, электрондық мекенжайы: zko_burlin@kgd.gov.kz.
1. Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1бірлік, индексі №МКБ-4-5-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесінің орындауына салықтық бақылау жүргізу, уәкілетті органдардың және мемлекеттік мекемелердің салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді есепке алумен байланысты міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Тексерулердің жүргізілуіне және тексеру актілерінде көрсетілген бұзушылықтардың уақтылы жойылуына бақылау жасау. Салық төлеушілер арасында салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық, дұрыс және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру. 2-Н есебін дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің А.С.Габидулованың бала күту демалысы кезеңіне, 28.01.2025 ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-4-5-4), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесінің орындауына салықтық бақылау жүргізу, уәкілетті органдардың және мемлекеттік мекемелердің салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді есепке алумен байланысты міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Өндірістік емес төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселесімен жоспарлы тақырыптық тексерулерді жүргізу, тексеру актілерінде көрсетілген бұзушылықтардың жойылуына және қосымша есептелген сомалардың уақытында бюджетке түсуіне бақылау жасау. Салық төлеушілер арасында салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық, дұрыс және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру. 2-Н есебін дайындау, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Салық тексерістері нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі салық міндеттемелері орындалуына бақылау жасайды, салық төлеушілерге камералды бақылауды жүргізу, автоматтандырылған камералдық бақылау хабарламаларын салық төлеушілерге жолдау және олардың орындалуына бақылау жасау, тақырыптық және қарсы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар толтыру.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. Есепке алу, талдау бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексік №МКБ-4-6-3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлімдерде іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуіне бақылау жасау. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету. «Е-Минфин» АЖ-нің «Кадрлық басқару» кіші жүйесі, «Құжатайналымы» бағдарламасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін сақтауына бақылау жасау. Сенім телефоны жұмысын ұйымдастыру, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін, қызметтік этиканы сақтауына бақылау жасау. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталык көшесі, 1 үй бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап 2024 жылдың 10 сәуірін қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.