I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі an.mukaeva@kgd.gov.kz
1. Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-12-1/6), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы мәселесімен салық тексерулерін жүргізу, салық төлеушілердің өтініштері мен шағымдары бойынша тексерулер жүргізу, салық тексеру актілерін ҚР ТСАЖ, ҚР САЭБ ақпараттық жүйелеріне енгізу және жөнелту, салық тексеру актілері бойынша салық төлеушілерге хабарламалар табыстау, салық төлеушілердің құқығын сақтау, салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік № МКД-19/2), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Әкімшіні тағайындау және босату (шеттету) жөніндегі жұмыстарға бақылау жүргізу, банкроттық және оңалту рәсімдері кезінде әкімшінің жұмысына бақылау жасау, борышкердің мүлкін (активтер) сату бойынша электрондық сату тәртібінің сақталуына бақылау жасау, банкроттық және оңалту рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау, әкімшінің әрекетіне байланысты түскен шағымдарды қарау, алдын ала және жалған банкроттық белгілерін анықтау, дәрменсіз борышкерлерге жүргізілген мониторингті бақылау. Соттан тыс, сот арқылы банкроттық және ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау. Азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу. Қаржы басқарушыларының қызметіне бақылау жасау. Банкроттық және оңалту, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынас. Сот органдарында Департамент мүддедерін қорғау. Борышкерлерге, әкімшілерге және қаржы басқарушыларына әкімшілік өндіріп алу шараларын алу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
II. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz
1. Салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-2/2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00,240.00, 910.00,913.00,920.00, 871.00,100.00 және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес. Бөлім бойынша біріктіру және есеп ұсыну және қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесін орындау.Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілеттік берілген соттарға, органға, лауазымды адамға уақтылы жолдану.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
2. Салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-2/9), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00,240.00, 910.00,913.00,920.00, 871.00,100.00 және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес. Бөлім бойынша біріктіру және есеп ұсыну және қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесін орындау.Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілеттік берілген соттарға, органға, лауазымды адамға уақтылы жолдану.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Kүйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2024 жылдың 28 ақпанынан бастап 2024 жылдың 01 наурызын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.